Get Mystery Box with random crypto!

Сөз:

Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз: С
Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз:
Арна мекенжайы: @qazsoz
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.07K
Арнадан сипаттама

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.
Insta: https://instagram.com/qazsoz_
Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-06-24 07:12:28
Сүйінші! inDriver қолданбасына қазақ тілі қосылды
194 views04:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 08:29:00 Аватар 2-нің ресми трейлері
Лүпілдетіп, пікір жазып кетейік!


46 views05:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 13:41:03 Мындай жаңалық.

Енді кез-келген Қазақстандық банк арасында перевод жасай беруге болады.

Қазірдің өзінде Жусан, Евразия, Казпошта, Сбер арасында ақшаны 500мыңға дейін ақшаны максимум 10тг комиссиямен жібере беруге болады. Алатын адамның телефон номерін білсеңіз болды. Жақында бұл жүйеге тағы 5 банк қосылады.

Ең қызығы сол 5 банк ішінде Каспи бар ма екен, әзірге белгілі болмай тұр

https://nationalbank.kz/kz/news/press-relizy/13764
152 views10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 08:21:25
Айфон смартфонында қазақ тілі пайда болады

Жаңа iOS 16 нұсқасында қазақша жүйе мен автокоррекция қосылады.
162 views05:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 10:24:55
Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні!

Биыл тәуелсіздік нышаны болған рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толып отыр

Көк ту, елтаңба мен әнұранның авторы кім және олардың мағынасы қандай?

Мына жазбамыздан оқи аласыз
147 views07:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 14:35:05 Жалпы, «ұлтшыл» деген сөзден үрку керек пе? «Халықшыл», «отаншыл» деген сөздер жақсы болғанда «ұлтшыл» неге жаман болуға тиіс? Мұны құбыжық етіп көрсеткен – империялық саясат. Осыдан қорқып келген біз ұлтшыл деуге аузымыз бармай, ұлтжанды деп жүрміз…

Мен білгенде бұл формада айтылатын қазақта екі-үш қана сөз бар: байжанды, қатынжанды, итжанды. Үшеуі де ұнамсыз сөздер. Ұлт деген қасиетті ұғымды өйтіп қорлауға болмайды. Мен шау тартқан шағымда «бірдеңежанды» атанғанша, жасымда көп бейнетпен алған «ұлтшыл» деген атағымды сақтап қалғым келеді. Қабдеш Жұмаділов
157 views11:35
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 06:34:13
Бүгін талай жанға қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілген болатын.

Қазақстанда ГУЛАГ-тың 20-дан астам лагері орналасқан. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары елімізде Карлаг, Степлаг, сияқты лагерлер бірінен соң бірі ашылды. Сол жылдары 120 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары, ғалымдар, ұлт жанашырлары болды. Миллиондаған алаш азаматтары репрессияға ұшырады.

Қаншама қаралы жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдарының бәрі бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде. Бұл қасіретті күн ешқашан ұмытылмайды.

@ztb_qaz
33 views03:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 15:01:39
Сөз: Саф (сап)
сын есім

Таза, кіршіксіз, мөлдip, қоспасыз
-
Чистый, кристальный, без примесей

Саф алтыннан айбалтаң,
Шұға еді жанқалтаң
Сүйінбай шығармасынан

Онымен сезімді тазалыққа иіргендігіңді кәміл ыхласыңды көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында халық көрер, сыртымды да пәк етемін һәм көзге көрінбейтін ағзаларымды да пәк етемін
Абай, Отыз сегізінші қара сөз

Саф күмістей жарқырап 
Тыныш жатқан тұнық су. 
М.Жұмабаев, Жазғы таң

Сап даналық жолының өзі екі айырық болады: бірі ғаламның адам ақылы жетерлік те, жетпестік те жағын зейінге салады.
А.Байтұрсынұлы, Əдебиет танытқыш

Сарыарқаның саф ауасы мен сары қымызы Шоқанды біржолата жазып жібермесе де, бір ай шамасы уақыттан кейін, ол кәдімгідей көтеріліп қалды.
Б.Соқпақбаев, Қайдасың, Гауһар?

Сап ақшадан төрт жүз теңге жұмсалып, шарға түскен уақытта Нұрпейіске он тоғыз шар, Сәрсенбайға он төрт шар шығып, біздің жаңа талап босқа қалды.
М.Дулатұлы шығармасынан

Дереккөз 1; Дереккөз 2
82 views12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 12:20:46
Қош бол, советтік атау!

Алматыда кейбір қала тұрғындары мен қонақтар әлі күнге дейін советтік атауды қолданады. Шатастырмас үшін мына жазбаны дайындадық

Өзіңіз тұратын өңірде қандай советтік көше бар? Төменде жазыңыз, бәріміз жаңа атауын біліп жүрейік
207 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 12:55:30 QazaqGrammar қазақша контентке қатысты зерттеу жасап жатыр. Осы орайда төмендегі сілтемеге өтіп, сауалнамаға жауап беруіңізді сұраймыз. Жалпы 9 сұрақ.

Жеке деректеріңіз үшінші тарапқа берілмейді.

Google-сауалнамаға сілтеме міне: https://forms.gle/ZwhFpNSmSVfpY3A68

Рақмет!
141 views09:55
Ашу / Түсініктеме