Get Mystery Box with random crypto!

Сөз:

Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз: С
Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз:
Арна мекенжайы: @qazsoz
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.07K
Арнадан сипаттама

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.
Insta: https://instagram.com/qazsoz_
Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2021-03-15 15:01:22
Сөз: Тақыс
сын есім

Қу, айлакер, әккі.
-
Хитрый, пройдоха, бывалый.
-
1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі,
Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың
Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
(І.Жансүгіров, Орақ науқаны)

2. Жұмағұл жаратылысындағы тақыстық қулығына салып, бойын бағып отырды.
(М.Әуезов, Қараш-қараш оқиғасы)

3. Ол зұлымдығына найза бойламайтын тақыс, ішінде не сыр барын аңғартпайтын қу еді.
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз)

4. Олар осы күні сөз сөйлеп тақыстанып алған, кәрі қойдай тартыншақ.
(О.Бөкей, Қайдасың, қасқа құлыным)

5. Ал ана тұрған Теңізбай қаршадай кезінен - ақ өте қу, ысқаяқ, қолы қалт етсе асханадан шықпайтын, тым тақыс бала болатын.
(Қ.Жұмаділов, Бір түп тораңғы)

Дереккөз 1; Дереккөз 2

Сөз ұсынған Азатқа (@KZ362mmm) көп рақмет!
1.2K views12:01
Ашу / Түсініктеме
2021-03-15 04:45:47 Қазақ еліне +1 Грэмми
859 views01:45
Ашу / Түсініктеме
2021-03-06 18:31:12
Сөз: Сарабдал
сын есім

1. Байсалды, салмақты, біртоға; 2. Тәжірибелі, кәнігі, ысылған.
-
1. Спокойный, сдержанный; 2. Опытный, профессиональный, матерый.
-
1. Асқа сонша сараң Нұртазаның үйі киім-кешек, төсек-орынға да аса сарабдал.
(С.Мұқанов, Өмір мектебі: 1 кітап)

2. Ежелгі қазақтың кең-мол пішілген дарқан мінезі, аңғал табиғаты, даланың өзеніндей асықпай айдындана ағатын ақылы Еуропаның сарабдал білімділігімен ұштасқаны байқалады.
(Ш.Мұртаза, Қызыл жебе: 4 кітап)

3. Көктің көлінде қымыз екеш қымызды есепсіз бермейтін сарабдал Шәкеннің Mақашқа бере беруі де, Мақаштың сұрай беруі де есепсіз емес-ті.
(Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін)

4. Ол қайта көп ойлап, көп толғайтынды, төңірегінде болып жатқанды сананың сарабдал елегінен еткізіп, шұқшия талдайтынды шығарған.
(Ә.Кекілбайұлы, Самғау мен құлдырау)

5. Ендеше уақытша табысқа мастанбай, қысылтаяң күндерден ықпай, бірқалыпты сартап, сарабдал мінез сақтаған жөн.
(Дүкенбей Досжан, Қыдырдың құбылысы)

Дереккөз 1; Дереккөз 2
1.1K views15:31
Ашу / Түсініктеме
2021-03-02 12:08:19 Алақай! деп сіздерге бір аударма жобамызды көрсеткім кеп отыр.

Аздап айта кетсем, бос уақытымызда ютуб арналардан, түрлі ғылыми жорнал, сайттардан қызықты да пайдалы материалдарды аударатынымыз бар. Арасында осылай бейне ретінде де шығып отырады.

Дыбыстаған @irbisSTUDIO ұжымына мың да бір алғыс! Сол кісілерге тіркеле отырыңыздар. Мультфильм, киноны көп аударады ол кісілер :)
924 views09:08
Ашу / Түсініктеме