Get Mystery Box with random crypto!

100% қазақтілді қоғамда өмір сүргім келеді: туыстарыммен, дост | Сөз:

100% қазақтілді қоғамда өмір сүргім келеді: туыстарыммен, достарыммен, жақындарыммен қазақша сөйлесу; жұмыста қазақ тілін қолдану; қазақ тілінде қызмет алу; қазақ тілінде ақпарат, білім алу; шетел фильм, сериалдарын қазақ тілінде көру. Бұл - орыс тілін, орыстарды жеккөру емес.

Өзім қазақ болғандықтан, Қазақстанда тұрғандықтан өзімнің толыққанды қазақ екенімді сезінгім келеді. Қазір өкінішке қарай олай емес. Тәуелсіздік алғалы бүкіл өмірім өтсе де жағдай әлі де мінсіздіктен алыс. Осы себепті қоғамға, қазақтарға деген реніш, күйініш бар. Тілді жай ғана құрал ретінде көреді. Жылатарлық жайт қой бұл... Тіл - адамның болмысы, намысы, рухы, мінезі, тарихы. Қазір енді болмысыма жат ортада өмір сүруге тура келеді. Мүгедек кісі балдақ қолдануы керек сияқты мен де тіршілік етуім үшін орыс тілін қолдануға мәжбүрмін...