Get Mystery Box with random crypto!

Сөз:

Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз: С
Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз:
Арна мекенжайы: @qazsoz
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.07K
Арнадан сипаттама

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.
Insta: https://instagram.com/qazsoz_
Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2021-04-22 11:53:03
Латын əлiпбиiнiң жаңа нұсқасы ұсынылды.

Əліпбидің жаңа нұсқасында 2021 жылдың қаңтарында ұсынылған нұсқамен салыстырғанда "Ң" әрпінің жазылуы өзгеше. Қазір "ың" дыбысы латын тілінде "Ñ" деп белгіленген. Ал бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынылған кестеде әріп "Ŋ" деп белгіленген.

Еске салайық, жетілдірілген әліпбиде 31 әріп бар. Онда қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Құжат 2021 жылдың 6 мамырына дейін ашық талқыланады.

t.me/tengri_kz
484 views08:53
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 15:02:03
Сөз: Шабан
сын есім / үстеу

Баяу, жай, сылбыр, мимырт, керенау.
-
Медленный (медлденно), нерасторопный, спокойный (спокойно).
-
1. Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан,
Артында ілесе алмай жүрміз әман.
(А.Байтұрсынұлы, Ғылым)

2. Шыңғыс бөктерiнен көшкен Бөкеншi, Жiгiтектi қуып жете алмаған. Ең шабан көшкен ауылдар болған-ды.
(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)

3. Аяқ басысы шабан. Басы төмен бүгулі. Тап осы келе жатқанда – ойы шартарапты кезіп, өзін-өзі ұмытқан адамның келбетінде...
(Б.Майлин, Қызыл жалау)

4. Онсыз да барбиған жұп-жуан саусақтарын суық қарып, одан бетер ісіндіріп жіберіпті; асықпай, аюша қорбаңдап, шабан қимылдайды.
(М.Мақатаев, Қос қарлығаш)

5. Бұл да шабан ақылдың тапқаны емес, бір сәтте көңіліне сап еткен ой.
(Т.Ахтанов, Қаһарлы күндер)

6. Бірақ, сол аздың өзіне жармасар қаншама шаруа бар?! Оның қаншасы шабан көлік пен мардымсыз істерге жем болады?!
(Ә.Кекілбайұлы, Өнегелі өмір, өміршең өнер)

Дереккөз 1; Дереккөз 2
704 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-04-12 15:35:14
Wolt қосымшасының қазақша нұсқасында "Ифтар-сеттер" деген сөз "Ауызашар-сеттер" деп түзетіліпті
643 views12:35
Ашу / Түсініктеме
2021-04-05 11:21:16 Кез-келген адам бақытты болғысы келеді. Бірақ сол бақыт та сор да аспаннан жаумайды, айналаңдағы адамдардан ауысады. Біреу саған жақсылық, бақыт боп кезігеді. Махаббат, достық дегеніміз - сол адамның адамға беретін бақыты. Ал сенің жолыңа жуа боп бітіп, қызыл көз бәледей қырсыққа ұрынатын да - сол адам. Оқ екеш оқ та өздігінен атылмайды. Мылтықтың шүріппесінде адамның сұқ саусағы тұрады.

Қабдеш Жұмаділов "Көкейкесті"

Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын.
985 views08:21
Ашу / Түсініктеме
2021-04-03 11:18:01
Қазақ тілін қолдану аясын кеңейту жолдары
835 views08:18
Ашу / Түсініктеме
2021-03-30 08:05:41 Сіздерге қазақша жазатын тағы бір күшті арна табылды: Түрлі тақырыптарды қамтып, білім-ғылымға толы екен. Қолдай отырыңыздар :)

https://t.me/wiisaus
889 views05:05
Ашу / Түсініктеме
2021-03-29 15:02:04
Сөз: Қырбай
сын есім

1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз.
-
1. Быть в ссоре, натянутые отношения; 2. Неумелый, неуклюжий.
-
1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды.
– Сол менiң әкеммен қырбай боп қалған жерiңiздi өзiңiз ұғындыраңыз, Сүйiндiк аға!
(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)

2. Екеуінің сүйегінде де жалқаулық, серілік бар еді; екеуі де шаруаға қырбай еді; әкесі Бекболат екеуін «Екі әуейі» деуші еді.
(Ж.Аймауытов, Ақбілек)

3. Кейде зекет те төлемей қоятын. Осыдан барып Кенесары мен билер арасында қырбайлық күшейе түскен еді.
(І.Есенберлин, Көшпенділер: Қаһар)

4. — Бәлки біле тұра істеген болар. Әйтпесе, еңбекке... Қырбай, жемқор, маскүнем, бұзықтар неге кездесе береді оған? Неге тізгін береді оларға?
(Ғ.Мұстафин, Қарағанды)

5. Кейіннен бір өндірісте бірге істесе жүріп, өзінің ежелгі досы Қабенмен де қырбай боп, айтысқа түсті.
(З.Қабдолов, Жалын)

Дереккөз 1; Дереккөз 2
792 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-03-25 08:46:07 Туиттерде тред деген керемет дүние бар. Біраз эксперттерден пайдалы ақпаратты жүйелі түрде, қысқа пункттер арқылы алуға болады. Өткенде бір "универ білімінен артық алты тред" деген топтама көргем. Соның біріншісі Навал Равикант деген инвестордың, "қалай бай болуға болады (лотореясыз)" деген треді. Соны қазақшаға аударуға тырыстым, көріңіздер :)

https://telegra.ph/Ba%D2%9Bpen-shauyp-emes-bappen-shauyp-%D2%9Balaj-bayu%D2%93a-bolady-Naval-Ravikant-03-24
760 views05:46
Ашу / Түсініктеме
2021-03-23 13:03:13

840 views10:03
Ашу / Түсініктеме
2021-03-22 06:11:45 Әз наурыз мейрамы құтты болсын!
851 views03:11
Ашу / Түсініктеме