Get Mystery Box with random crypto!

wordle деген не ойын өзі? сайтты ашқанда 5 әріптен тұратын бі | Сөз:

wordle деген не ойын өзі?

сайтты ашқанда 5 әріптен тұратын бір сөз жасырылады. оны табу үшін бгс орынға 5 әріптен тұратын кез келген сөз жазасыз да, енгізу батырмасын басасыз.

енгізген сөзіңіздегі кейбір әріптер басында жасырылған сөзде бар болса, олар жасыл я сарыға боялып тұрады.

жасылға боялған әріп жасырылған сөзде тура сол позицияда тұр, яғни оны дұрыс таптыңыз дегенді білдіреді, сарыға боялған әріп жасырылған сөзде бар, бірақ позициясы қате, ал сұрға боялған әріп жасырылған сөзде жоқ.

осылай 6 рет (6 мүмкіндік) әртүрлі сөз жаза аласыз, ақыры жасырылғанды табуыңыз керек.

ойын сөздік қорыңызды ақтарып, миыңызды жаттықтырғанға жақсы. сөзді тапсаңыз, осында бөлісе отыруды ұмытпаңыз!

ОЙНАЙЫҚ АЛ