Get Mystery Box with random crypto!

Қазақша wordle! Туиттерде отыратындар болса, осындай жасыл тү | Сөз:

Қазақша wordle!

Туиттерде отыратындар болса, осындай жасыл түсті шаршылар көбейіп кеткенін байқаған болар. Бұл қазір әлемді жаулап тұрған wordle ойыны. Күніне бір сөз ғана табу керек, бірақ оны тапқанша біраз бас қатырып, бүкіл сөз байлығыңды ақтарып шығасың.

Соның қазақша нұсқасын сөз жобасының авторы @ileezyy жасап қойды. Сайтта авторлар ішінде мен де бармын, бірақ оған сенбеңіз, мен жай ғана жоба менеджері ұқсап, "че там" деумен болдым. Бүкіл жұмысты жасаған Ілияс.

Ағылшынша wordle қазір туиттерде мықты тренд боп тұр. Біз қазақша "сөзділ" ойнап, нәтижемен инстаграм сториде бөлісуді трендке айналдырайық.

wordle.kz

Айтпақшы, сосын. Көп адам ойын шартын оқымай бірден иксты баса салады екен да, ойынды түсінбедім деп көзі бақырайып тұрады. Сайтқа кірген бетте ойын шарты шығады, соны оқып алыңыз, қиын ештеңесі жоқ, сосын барып иксті баса беруге болады