Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 64

2021-01-28 01:36:54 Лого

Жақында Айсұлтан атты оқырманым маған бір ұсыныс тастады. Ол графикалық дизайнер екен.

Біздің подкастты тұрақты тыңдайды. Бірақ, подкасттың стилистикасына көңілі толмайды екен. Әрине, бәрін өз қолыммен жасағанмын ғой

Дизайнды өзі жасап шыққысы келді. Тегін. Мен келістім.

Біраз күннен кейін менімен хабарласып дайын екенін айтты. Нәтижесі көз алдыңызда.

Бұл тек лого ғана. Айсұлтан болса постерге де шаблондар жасап қойыпты. Шын көңілмен жасалғаны білініп тұр. Бұйырса посттарға да көмектесетін болады.

Осы логоны салып шығу үшін біраз зерттеу жасапты. Суреттерімді ақтарып, жапондық анимелерге келтіріп, қолмен көп эскизлар жасаған.
Соның бәрін ойластырып осындай концепцияға келіпті.

Неге көзім кішкентай, ал күлкім тым үлкен десем - бұл сол аниме стилі дейді. Адамның ерекшеліктерін анықтап, соған фокус жасау. Мендегі фокус - күлкім. Байқасам, барлық жерде күліп жүреді екенмін.

Маған өте ұнады.
Сіздерге қалай?

PS.: Айсұлтанның жұмыстары осында https://www.instagram.com/the.mbrk
2.6K viewsedited  22:36
Ашу / Түсініктеме
2021-01-28 01:22:29 Channel photo updated
22:22
Ашу / Түсініктеме
2021-01-27 14:51:53
Арабша оқимын, бірақ сөйлемеймін (с) #әзіл #халал
2.5K views11:51
Ашу / Түсініктеме
2021-01-25 17:12:06
Ағасы немесе әпкесі барлар түсінеді #әзіл
2.9K viewsedited  14:12
Ашу / Түсініктеме
2021-01-24 18:20:51
Сөздерді шатастырып алмайық #халал #әзіл
3.0K views15:20
Ашу / Түсініктеме
2021-01-23 13:48:13 Black, black man

Осы жолы Эйр Астанамен ұшып келгенде ұшақтағы отандық фильмдерді көргім келді.

Бірге келген досым “Черный, черный человек” қара деп ұсыныс айтты. Жақсы деп көре бастадым.

Қостым. Бірінші минутынан бастап басқа әлемге кіріп кеткендей болдым. Фильмдегі оқиға, кейіпкерлер, ең бастысы - сурет (картинка) керемет жеткізілген.

Диалогтар өте аз. Адамдардың істері ақ сөйлейді. Біраз адамға фильм ауыр болып көрінуі мүмкін. Біршамасына түсініксіз болуы мүмкін.

Алайда әсер беретіні сөзсіз. Соңғы жылдары түсірілген отандық киноның үздігі деп есептеймін. Көруге кеңес беремін.

Нәрікбидің ойынша Қазақстандық фильмдердің рейтінгі (КСРО фильмдері алмағанда):
1. Черный, черный человек
2. Рэкитир
3. Жау жүрек мың бала
4. Шоқай
5. Құнанбай

Ал сіздің рейтингіңіз қандай?
3.1K views10:48
Ашу / Түсініктеме
2021-01-23 13:48:12
2.4K views10:48
Ашу / Түсініктеме
2021-01-22 19:41:15 StudPocast

Жақында Ерқанат атты оқырман біздің подкастты тыңдап шабыт алып, өзі подкаст жасап жатқанын жазды.

Подкасттың аты қызық екен - StudPodcast. Яғни, студенттерге арналып жасалған подкаст. Меніңше, керемет бастама.

Өйткені, студенттік шақта адамның негізгі құндылықтары мен мақсаттары айқындалады. Бұл алтын уақытты бос өткізіп жатқан адам қаншама.

Қызығы, Ерқанаттың өзі студент емес. Сол өткен уақытты саралап, студенттерге көмектестісі келеді екен.

Сонымен, Ерқанат маған қонақ болуға шақырды. Мен көп ойланастан келістім. Подкаст қызық болды деген ойдамын.

Өзімнің студенттік өмірім жайлы, алған сабақтарым, бірінші жұмысым және т.б жайлы әңгімелестік .

Байқамай әңгімеміз 2 сағатқа созылып кетіпті. Сондықтан, 2 бөлімге бөліп қойыпты.

Бірінші бөлімін тыңдаймын десеңіздер, сілтеме осы: https://t.me/studhacker1/224
2.2K views16:41
Ашу / Түсініктеме
2021-01-22 18:01:36 Бұл әдістің бір жақсы тұсы - кез келген іске келе береді. Осымен тіпті кітап та оқуға болады (мен істеп көргем).

Балаңыз болса, үй жұмысын помодоро арқылы жасатуға болады. Үй жинаса да болады. Тек қолдану керек.

Помодоро әдісі туралы толығырақ:
- https://lifehacker.ru/all-about-pomodoro/
- https://habr.com/ru/company/smartprogress/blog/295274/
2.1K viewsedited  15:01
Ашу / Түсініктеме
2021-01-22 17:53:41
Менің таймерім осы. Кухняға арналған тауар сататын дүкеннен тауып алғанмын. #кеңес
2.0K viewsedited  14:53
Ашу / Түсініктеме