Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 60

2021-05-27 17:02:37 Адамдар стористарды көріп маған көбіне жекеге "Еуропадағы өмір күшті ғой", "Мен де көшкім келеді" деп жазады. Профиліне ашып қарасам қарапайым қазақтың мұсылман жігіті мен қызы.

Мен не айта аламын? Намазхан мұсылман бола тұра, мұсылман емес мемлекетте өмір сүру ерекше қиын. Өзінің машақаты көп.

Иә, бұл елдер толерантты болып көрінеді. Әсіресе, Батыс Еуропада елдері. Бірақ, ішінде біраз жүрсең қанша дегенімен өзіңді "чужой" сезінеді екенсің.

Мен енді көшіп келгенде азанның дауысын, мешіттегі жамағатты, анамның құшағын, жақын достарымды қатты сағындым. Нағыз жалғыздықтың дәмін сезгендей болдым.

Жергілікті адамдармен ортақ тіл тауып кету деген ерекше қиын болды. Дос табуды мүлдем ұмытуға болады. Себебі, мен үшін достық - ол екі адамның құндылықтары бірдей болған кез. Әсіресе басында адамдардың өмірге көзқарастарын естіп қатты таң қалатынмын. Менің дүние танымымен мүлдем келіспейтін заттарды еститінмін.

Әрине, менімен келіспейтін адамдар бар. Алайда, мен Алматыда өскен намазхан, ешқашан ішпеген, шекпеген жігіттің көзқарасымен айтып отырмын. Жеке байқауымша, біздің орыс тілді "светский" ортада өскен, дінге онша жақындығы жоқ адамдарға еш қиындықты сезбейді.

Алдынғы Германиядағы сапарда біз бір кішкентай қалада болдық. Жаңбыр жауып тұрды, қарным ашты. Біз жергілікті кафелерге барып тамақ іздеп көрдік. Сөйтсем, бәрі доңыздың етінен. Бір пекарьняға кіріп қалып едім, круассанға көзім шалды. Сұрап қалсақ, бұл да халал емес. Эх деп, нан мен кофе ішіп қайттым.

Бірақ, сапардағы адамдардың көбі ондай болмады. Олар керісінше тойып алды. Мен болса шетке шығып, суымды ішіп, сыртта намазымды оқып алдым.

Еуропада нені үйрендіңіз десеңіз - жалғыз болуды деп айтар едім. Өз құндылықтарыңа берік болу үшін сабыр таныту. Ал бұл сіз ойлағандай оңай емес.

Өз елімізді сол үшін бағалай жүрейік.

#кешкі_ойлар
2.7K viewsedited  14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 17:02:33
1.6K views14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 18:52:25
Айтпақшы, соңғы екі аптаның ішінде мен Еуропада бойынша 2000 км артық көлікпен жүріп өттім. Нидерланды елін есептемегенде 3 мемлекетте болдым.

Ол - Германия (Гановер, Аахен, Моншау), Бельгия (Динан, Антверпен, Льеж) және Люксембург. Одан бөлек кішкентай қалаларда да тоқтадық.

Еуропада көлікпен саяхаттау бір ерекше екен. Келіп жатсаңыз осылай саяхаттауға кеңес беремін. Жолдары тамаша енді.

Поезд немесе ұшақпен саяхаттасаң көптеген кішкентай қалалар мен ормандарды көре алмайсың. Ал, мұнда қалаған жеріңде тоқтай бересің.

Қызық болса, саяхатта көрген, білгеніммен бөлісейін ба?
Қызық болса, коммент қалдырып кетіңіз.
1.8K viewsedited  15:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 12:27:53
Episode 14. Камила Роллан: Альтруизм - өзіңе деген жол.

Достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз

Егер осындай #саммари ұнатсаңыз, бізге әрқашан қаржылай қолдау бере аласыздар.
______________________

Подкастты қолдау
Каспи: 5169 4931 5231 8567
363 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 13:29:02 Кайдзенді қазақ аудиториясына таныстырып, үйретіп жүретін Ғани бауырым өзінің 50 кітабын кітабын кітапханаларға тегін таратпақшы екен. Қандай керемет.

Толығырақ: https://www.instagram.com/p/CPGX9qlnBED
981 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 15:54:18 Мына пост кімнің есінде?
Подкаст қалай шығыпты?)
1.3K views12:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 01:16:15
Осы аудио үзіндімен бөлісіп қойыңыздар ;)
77 views22:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 01:14:56 Narikbi LIVE pinned « Episode 33. Айна Досқызы, 1 бөлім: Қазақ отбасыларына коммуникацияны дұрыс құру керек Бүгінгі эпизод қонағы - Айна Досмахамбетқызы. Айна ханым "OZGERU KEREK" подкастының жүргізушісі, "Ажыраспа" проектінің қалаушысы, алғаш қазақ тілді SMM және копирайтинг…»
22:14
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 01:14:45 Тайм-кодтар:

00:00 Дисклеймер
02:00 Техникалық мамандыққа оқу жайлы
09:00 35мың теңге және Ernst & Young компаниясы
18:00 А что так можно было?!
25:00 Қазір ажырасу оңай ма?
33:00 Адам - адамның айнасы
38:00 Коммуникация және проблеманы мойындау
42:00 Инста-жұптардың ажырасуы дұрыс па?
49:00 Ер адамнан көп сұрау керек пе?
01:00:30 Ұятмендер жайлы
01:06:30 21 ғасырда келін болу
01:24:00 Психологқа неге бару қажет?
01:34:00 Дін және психология
01:41:00 Ажырасқан отбасыдағы бала тәрбиесі
88 views22:14
Ашу / Түсініктеме