Get Mystery Box with random crypto!

StudPocast Жақында Ерқанат атты оқырман біздің подкастты тыңд | Narikbi LIVE

StudPocast

Жақында Ерқанат атты оқырман біздің подкастты тыңдап шабыт алып, өзі подкаст жасап жатқанын жазды.

Подкасттың аты қызық екен - StudPodcast. Яғни, студенттерге арналып жасалған подкаст. Меніңше, керемет бастама.

Өйткені, студенттік шақта адамның негізгі құндылықтары мен мақсаттары айқындалады. Бұл алтын уақытты бос өткізіп жатқан адам қаншама.

Қызығы, Ерқанаттың өзі студент емес. Сол өткен уақытты саралап, студенттерге көмектестісі келеді екен.

Сонымен, Ерқанат маған қонақ болуға шақырды. Мен көп ойланастан келістім. Подкаст қызық болды деген ойдамын.

Өзімнің студенттік өмірім жайлы, алған сабақтарым, бірінші жұмысым және т.б жайлы әңгімелестік .

Байқамай әңгімеміз 2 сағатқа созылып кетіпті. Сондықтан, 2 бөлімге бөліп қойыпты.

Бірінші бөлімін тыңдаймын десеңіздер, сілтеме осы: https://t.me/studhacker1/224