Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE — Телеграм арна

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 14.90K (01.10.2026 күнгі дерек)
Ұқсас арналар Блогтар
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст 📍 Amsterdam, Netherlands


Соңғы хабарлар

6 May 2021
Отызда орда бұзбаған қырықта қамал алмайды

"30 жас" десе, осы мақал есімізге түседі. Жалпы мағынасын түсініп тұрмыз: "30-да мардымды бір тындырмасаң, 40-та үлкенірек бір нәрсеге жете алмайсың" деп тұр.

Маған бұл мақалдағы "бұзу" деген сөз ұнап тұрған жоқ. Жақсы мағынада қолданылып тұрса да.

Бұзу – бір нәрсені орнынан алып тастау. Кейде бұның артында "орнына басқа нәрсе қоям" деген ниет жатуы мүмкін. "Өміріңді өзгерт", "бәрін жаңадан баста" деген сөздер де бар еді осы категорияға кіретін.

Мен мынадай пікірді ұстанамын: "өміріңді 180 градусқа өзгертудің қажеті жоқ, оны тек реттеу керек" деген.

Ал реттеу дегеніміз – бар нәрсені ұқсату. Енді жоғарыдағы мақалымызды былай деп өзгертіп көрейік:

"30-да орда сала алмаған 40-та қамал тұрғыза алмайды."

Бұзу оңай, бірақ тұрғызу қиын. Үйленіп, кейін "өмірімді өзгертем, бәрін жаңадан бастаймын" деп, ажыраса салу оңай. Бірақ отбасы ғимаратын жылдар бойы тұрғызу қиын.

"Өмірімді өзгертем" деп, бір мамандықтан екіншісіне секіре беру оңай. Бірақ бір іспен жылдар бойы айналысып, бар нәрсені ұқсатып, шеберлік мұнарасын тұрғызу қиын.

20 мен 30-дың арасындағы жолды жүріп өткен адам ретінде артқа қарап, 20-дағы іні-қарындастарыма айтарым мынау:

Бұзу емес, тұрғызуды көбірек ойла. Қазір жан-жағыңда кірпіштер шашылып жатыр. Энергия, білім, уақыт, мүмкіндік кірпіштері. Соны бір-бірден алып, "ақырын жүріп, анық басып", қалай баста. Сонда 30-ға қарай кемінде бір орда салып тастайсың. 30-да жүйесіз жатқан құр кірпіштердің үйіндісін көргің келмейтін шығар?

https://t.me/dzhigitbek
4.3K views08:07
Ашу / Түсініктеме

Жиі қойылатын сұрақтар

Narikbi LIVE туралы жиі қойылатын сұрақтар

Narikbi LIVE (@narikbi_live) — Telegram Store каталогына енгізілген Telegram арнасы. Осы беттегі «Каналға өтіңіз» батырмасы арнаны Telegram арқылы ашады.
Осы беттегі «Каналға өтіңіз» батырмасын басыңыз немесе Telegram-да @narikbi_live іздеңіз. Арнаға әлі де қосылуға бола ма, оны Telegram өзі көрсетеді.
Telegram Store каталогы бұл жазба мен сілтеме үшін ақы алмайды. Арнаның тегін болуын оның Telegram-дағы иесі шешеді.
Каталогта Narikbi LIVE үшін 14.90K жазылушы көрсетілген (01.10.2026 күнгі дерек). Қазіргі саны Telegram-да көрінеді.
Каталогта Narikbi LIVE арнасының тілі қазақ деп көрсетілген.
Иә, ұқсас арналар осы беттің төменгі жағында берілген.
Бұл бетте Narikbi LIVE туралы каталог деректері мен арнаға сілтеме бар. Жазбалардың өзі Telegram-да оқылады.
Narikbi LIVE avatar
Narikbi LIVE @narikbi_live
Telegram-да ашу