Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 59

2021-06-01 00:05:28
Атам екеуміздің соңғы суреттеріміз. Көбі бізді ұқсатады екен. Солай ма?)
1.6K viewsedited  21:05
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 00:03:32 Кеше 31 мамыр, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтті.

Осы ауыр тақырыпқа келгенде мен тыныш отыра алмайды екенмін. Мен мектепте оқығанда бұл туралы еститінмін. Бірақ, бұның масштабын түсінбегендей болдым.

Менің анам тарих пәні мұғалімі. Бір күні анама ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы сабағына көмектескен едім. Сол кезде көзім ашылғандай болды.

Алаш арыстарының сөздері бірінші рет саналы түрде оқып көрдім. Ойлана бастадым. Елестетіп көрші, сен жап жас, тепсе темір жігітсің. Астыңда мінген атың бар, жайлауда малың көп.

Шалқып өмір сүрудің орнына халықты көзін ашу үшін оқу оқисың. Елге келіп мектеп ашасың. Қазақ тілді алғаш газет ашасың. Кітап шығарасың.

Кеңес үкіметінің бір күні сенің артыңнан келетінін біле тұра бәрін жасайсың. Тыңбай еңбек етесің. Ақыры сол жолда құрбан боласың.

Бұл адамдарда не мотивация болған? Қазіргі заман "мотиваторларының" сөздері өтпейді бұнда. Бұл кісілердің құндылықтары бөлек болғаны сөзсіз.

Мен подкаст жасаған сайын кейбір қоғамдағы проблемалардың түбі осы ашаршылық пен ату жазасына кеткен зиялылардың жоқтығынан пайда болған 20 ғасырдағы қазақ трагедиясына тірелетіне көзім жетіп жатыр.

Мысалы, Қазақстанды бір Google секілді алып компания деп есестетіп көрейік. Енді топ менеджменттегі бүкіл 10мың адамды жұмыстан шығарып жіберейік. Ондай компанияның болашағы не болмақ? Бұл да соған ұқсайды.

Осы жайлы марқұм атамның жанында көп ойланатынмын. Менің атам сол ашаршылықта туылған. Қиыншылықтың дәмін кішкентайынан сезген. Бірақ сол кездерді көп еске ала бермейтін.

Керісінше, тек болашақты ойлайтын. Өзі көре алмаған өмірін біз арқылы көргісі келгендей. Дәл солай Алаш арыстары да болашақтың қамын ойлаған шығар.

Гректердің мына сөзі ойыма келіп тұр: қоғамның дамуының белгісі - ол үлкен кісілердің өздері ешқашан көлеңкесінде отырмайтын ағашты отырғызуы.

Біз де, сіз де сол ағашты бірге отырғызайық.
2.0K viewsedited  21:03
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 00:03:28
1.4K views21:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 13:43:57 Табиғат ағаның осындай қысқа да нұсқа жазбаларын ұнатамын. Жалпы, бір жыл бойы жазған подкасттарымның жазу процессінде өзіме ең әсер еткен, тоқтамай сөйлесе бергім келген қонағым - Табиғат аға болатын.

Тіпті сол эпизодта менің дауыс интонациямнан да байқауға болатын шығар. Қонағымның сөздерінде ерекше тереңдік пен даналықты сездім. Көптен бері жауабын таппай жүрген сұрақтарға жауап тапқандай болдым.

Алла қаласа Табиғат ағамен алда басқа да тақырыптарға эпизодтар жазуға жоспарлар бар. Сіздерге қандай тақырыптар қызық болар еді?

Табиғат ағаның подкасты әсер етті ме?)
1.7K viewsedited  10:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 13:39:27
1.4K views10:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 01:44:23 Narikbi LIVE pinned « Episode 34. Айна Досқызы, 2 бөлім: Адам әрқашан өзіне уақыт арнауы керек Бүгінгі эпизод қонағы - Айна Досмахамбетқызы. Айна ханым "OZGERU KEREK" подкастының жүргізушісі, "Ажыраспа" проектінің қалаушысы, алғаш қазақ тілді SMM және копирайтинг курстарының…»
22:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 01:43:17
Бұл видеомен не істеу керек екенін білесіздер ғой иә?)
1.3K views22:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 01:41:51 Тайм-кодтар:
00:00 Method білім беру орталығы туралы
05:30 Информатиканы үйретудегі қиындықтар
15:00 TechWoman және Кремний алқабы
19:00 Ауылда айтишниктерді дайындау
27:30 Қазақ тілді мастеркласс пен курстар
35:00 Мектеп ашу жоспары
38:30 5 км жүзу және Oceanman
46:00 Не үшін спортпен айналысу керек?
52:00 Балаларға жыныстық тәрбие қажет пе?
01:02:00 Әйелдерге ерте туу керек пе?
01:13:00 Ozgeru kerek подкасты жайлы
01:21:00 Ер бақыты неде?!
01:25:00 Өтірік мотивация
01:35:00 Блиц!
1.4K views22:41
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 01:41:15 Episode 34. Айна Досқызы, 2 бөлім: Адам әрқашан өзіне уақыт арнауы керек

Бүгінгі эпизод қонағы - Айна Досмахамбетқызы. Айна ханым "OZGERU KEREK" подкастының жүргізушісі, "Ажыраспа" проектінің қалаушысы, алғаш қазақ тілді SMM және копирайтинг курстарының авторы, Кремний алқабындағы TechWomen 2019 программасының қатысушысы, Oceanman жүзу жарысына қатысатын спортшы, үш баланың анасы, блогер.

Подкасттың екінші бөліміндегі қозғалған тақырыптар:
Программирование үйретудегі қиындықтар
Жыныстық тәрбиенің маңыздылығы
Спорт, жүзу және Oceanman
Подкаст жасау процессі және т.б.

Айна ханымның парақшасы:
https://www.instagram.com/aina_doskyzy/
https://www.instagram.com/ajyraspa/

Біздің парақшамыз:
https://t.me/narikbi_live
https://instagram.com/narikbi.live

Подкастты қолдау
Каспи: 5169 4931 5231 8567 (Нәрікби М.)

Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз
1.4K views22:41
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 01:41:07
1.3K views22:41
Ашу / Түсініктеме