Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 57

2021-06-25 02:34:35 Narikbi LIVE pinned « Episode 35. Сакен Жолдас: Дұрыс кино, жаңа айдентика және патриотизм жайлы ⠀ Бүгінгі эпизод қонағы белгілі режиссер әрі Qazaq republic брендінің қалаушысы - Сакен Жолдас. Сакен The University Of Texas (2008) түлегі, Microsoft компаниясында жұмыс атқараған.…»
23:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 02:34:28 Тайм-коды:
00:00 Breaking news!
01:30 Сакен Жолдас кім?
04:30 Америкаға айтишникке неге түстім?
18:00 АҚШ-тан кейінгі өмір
24:00 Алғашқы роликтер мен фильмдер
29:00 Тезектің иісі және флэшбектер
41:00 Өз роліңді табу және таланттың маңыздылығы
50:00 Дебюттер жайлы
57:00 Топ 3 режиссер мен фильмдер
01:00:20 Кино-вкусты қалай дамытамыз?
01:13:45 Қазақ тілін дамыту туралы
01:22:20 Сакен қандай фильм түсіргісі келеді?
01:26:00 Qazaq republic және фейсбук пост
01:32:00 Born to be qazaq?!
01:38:00 Фразалар қайдан шыққан?
01:43:00 Темір кружкалардың тарихы
01:51:00 Стресспен күресу және ішкі установкалар
02:00:00 Блиц!
704 views23:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 02:32:13
share and repost plz ;)
691 viewsedited  23:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 02:30:22 Episode 35. Сакен Жолдас: Дұрыс кино, жаңа айдентика және патриотизм жайлы

Бүгінгі эпизод қонағы белгілі режиссер әрі Qazaq republic брендінің қалаушысы - Сакен Жолдас.
Сакен The University Of Texas (2008) түлегі, Microsoft компаниясында жұмыс атқараған. "Он и она" фильмінің режиссері және отандық Qazaq republic киім брендін жүргізіп келеді.

Эпизодта біз қозғаған тақырыптар:
IT мамандықтан режиссер болу
Дұрыс кино, кітап және музыка
Заманауи айдентика
Жеке дамудың маңыздылығы

Конкурс!
Qazyna.kz - тек қазақ тіліндегі кітаптар. Келесі үш кітапты ұтып алу үшін
1. осы постпен сториста бөлісіп @narikbi.live @qazyna.kz белгілеңіз
2. Кітап оқитын досыңызды комменте белгілеңіз
https://www.instagram.com/p/CQhXA9lHJTc/

Кітаптар:
"Өмірге шексіз ғашық" - Динара Болат
"Имани гүл" - Қайрат Жолдыбайұлы
"Ұлпан" - Ғабит Мүсірепов
Конкурс нәтижелерін 28 маусым стористе жариялаймыз.

Подкастты қолдау
Каспи: 5169 4931 5231 8567 (Нәрікби М.)

Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз
768 views23:30
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 02:25:04
739 views23:25
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 20:48:59 Достар,
Бір сәтке елестетіп көрейік. Мен сізбен подкаст жазып отырмын. Қызық өтіп жатыр. Подкасттың соңына келіп қалдық.

Мен сізге блиц сұрақ қойдым: өзіңіздің досыңызға немесе жақыныңызға сыйлағыңыз келген ҚАЗАҚША 3 кітап?

Сіздің жауабыңыз?
1.0K viewsedited  17:48
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 00:55:11 Өзіңді сыйлау мен өзіңді бағалау қайдан басталады?

Құдайға сенбеу, Құдай жаратқан барлық затқа күмәнмен қарауға апарады, оның ішінде ең әуелі адамның өз-өзіне күмәнмен қарауына.

Құдайды сыйламаған адам, Құдай жаратқан барлық затқа сыйламай қарайды, және ең әуелі өзін өзі сыйламаудан бастайды.

Құдайды сүймеу, адамның өз-өзін сүймеуден басталып, барлық жаратылысқа тарайды.

Басқаша айтқанда, адам өзіне және бүкіл әлемге Құдаймен болған қарым-қатынасы арқылы қарайды.

Құдайға не сезінсеңіз, соны өзіңізге де сезінесіз. Егер сіз Құдайға жақсы қараймын, бірақ өзіме жаман десеңіз, ол өтірік. Сіз Құдайға да жаман қарайсыз. Ал егер сіз өз-өзіме жақсы, тек Құдайға жаман қараймын десеңіз, ол да өтірік. Сіз өзіңізге де жаман қарайсыз. Бірі екіншісіз болмайды...

Егер өз-өзіңізге сенуді үйреңгіңіз келсе, өз-өзіңізді сыйлауды үйреңгіңіз келсе, және өз-өзіңізді қадірлеуді үйреңгіңіз келсе, онда сізді жаратқан Құдайға сенуден, Құдайды сыйлаудан және Құдайды қадірлеуден бастаңыз.
1.3K views21:55
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 12:58:22
1.8K views09:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 13:05:18 Бір жағынан күлкің де, жылағың да келетін жаңалық.

Осы маған және шетелде істейтін қазақтарға жиі қойылатын сұрақтардың бірі ғой. Қысқаша жауап беруге тырысайын.

Сверхказах-тардың қайтып келуі үшін президенттің сөздері еш қажет емес. Мемлекеттік программалар да керек емес. Бұл жай бос әңгіме.

Мемлекет келесі пункттарды жүзеге асырып, соны ұстанса барлық сверхказахтар өздері ақ шауып келеді. Олар:

1. Тәуелсіз сайлау. Әр қала, облыс, ауыл өзінің әкімдерін сайлай алуы керек. Бұл таңдауды халық өздері шешсе, басқарушы адамнан да сұрау көп болады. Есеп бере бастайды. Таңдауы жоқ халықтың, болашағы да жоқ.

2. Әділетті сот. Шын статистиканы қарамадым, бірақ бізде “оправдательный” сот шешімдері мүлдем аз. Яғни, сот жүйесі көбіне айыпталушыны жазалайды. Бұл бизнестің дамуына, адамдардың әділетті құқық нормаларына сенуінен қалады.

3. Дұрыс істейтін полиция. Құқық қорғау органдарына бөлек сұрақ белгісі бар. Нидерланды еліне көшкенде полицияға деген көзқарасым өзгере бастады. Әділетті, жұмыс істейтін жүйені көрдім. Заңның алдында алдында бәрі бірдей екеніне таң қалдым.

4. Білім беру жүйесі. Шетелде істейтін адамдардың көбі отбасылы. Балалары бар. Жергілікті білім деңгейінің қандай екенін көргенде расымен елдегі білім жүйесі ішің ашиды. Өз көзіммен Қазақстанда жақсы жерде жұмыс істеп, балаларының сапалы білім алулары үшін көшкен азаматтарды білемін.

5. Медицина. Бұл мәселе әсіресе пандемиядан кейін ашылды. Біздегі медицина шынымен арзан әрі қолжетімді. Бірақ, бірақ оның сапасына үлкен күмән бар. Еуропада медицина қымбат болғанымен, оларға деген сенім бар.

Университеттегі оқуымен мен жұмыс істей алу үшін сертификацияның қандай қиын екенін ескересің. Одан бөлек, медицина қызметкерлері өте жоғары төлемақы алады. Айтпақшы, Голландияда 18 дейін балаларға медицина толықтай тегін.

6. Экология. Бұны мен Алматыда 25 жыл тұрған адам ретінде айта аламын. Амстердамға алғаш келгенімде ауаның қаншалықты таза екенін сезіп таң қалдым. Мен Теміртау немесе Өскемен секілді қалалардағы экологиялық жағдай туралы айтқым да келмейді. Менің біраз достарым Алматыда түрлі аллергия, астмамен ауырады. Басқа қалаға барса ондайды сезбейді.

Осы пункттар жүзеге асса, қай адам баласы Қазақстанда өмір сүргісі келмейді, айтыңызшы?

————————

IT және Голландиядағы өмір жайлы блог
https://t.me/askarsat
1.1K viewsedited  10:05
Ашу / Түсініктеме