Get Mystery Box with random crypto!

Black, black man Осы жолы Эйр Астанамен ұшып келгенде ұшақтағ | Narikbi LIVE

Black, black man

Осы жолы Эйр Астанамен ұшып келгенде ұшақтағы отандық фильмдерді көргім келді.

Бірге келген досым “Черный, черный человек” қара деп ұсыныс айтты. Жақсы деп көре бастадым.

Қостым. Бірінші минутынан бастап басқа әлемге кіріп кеткендей болдым. Фильмдегі оқиға, кейіпкерлер, ең бастысы - сурет (картинка) керемет жеткізілген.

Диалогтар өте аз. Адамдардың істері ақ сөйлейді. Біраз адамға фильм ауыр болып көрінуі мүмкін. Біршамасына түсініксіз болуы мүмкін.

Алайда әсер беретіні сөзсіз. Соңғы жылдары түсірілген отандық киноның үздігі деп есептеймін. Көруге кеңес беремін.

Нәрікбидің ойынша Қазақстандық фильмдердің рейтінгі (КСРО фильмдері алмағанда):
1. Черный, черный человек
2. Рэкитир
3. Жау жүрек мың бала
4. Шоқай
5. Құнанбай

Ал сіздің рейтингіңіз қандай?