Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 62

2021-05-07 12:29:23 @narikbi_live
2.3K views09:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 12:28:59 Jeltoksan

Соңғы бірнеше күн Jeltoksan. әндерімен жүрмін. Әуені мен сөздерінде ерекше мағына мен ой бар.

Осындай жігіттерді көріп іштей мақтаныш пайда болады. Айтпақшы, оның шын аты Бексұлтан және оның негізгі жұмысы инженер. Қызық иа?)

Негізгі жұмысымен қатар шығармашылықты алып жүретін адамдарға ерекше таң қаламын.

Қазір ұнаған әндерін салып қоямын
2.1K viewsedited  09:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 12:12:36 Құралай әпке осындай видео жазып жіберіпті. Баршамыздан Алла разы болсын!

Жұма мүбарак болсын. Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
1.9K views09:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 12:11:48
1.9K views09:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 11:07:15 Отызда орда бұзбаған қырықта қамал алмайды

"30 жас" десе, осы мақал есімізге түседі. Жалпы мағынасын түсініп тұрмыз: "30-да мардымды бір тындырмасаң, 40-та үлкенірек бір нәрсеге жете алмайсың" деп тұр.

Маған бұл мақалдағы "бұзу" деген сөз ұнап тұрған жоқ. Жақсы мағынада қолданылып тұрса да.

Бұзу – бір нәрсені орнынан алып тастау. Кейде бұның артында "орнына басқа нәрсе қоям" деген ниет жатуы мүмкін. "Өміріңді өзгерт", "бәрін жаңадан баста" деген сөздер де бар еді осы категорияға кіретін.

Мен мынадай пікірді ұстанамын: "өміріңді 180 градусқа өзгертудің қажеті жоқ, оны тек реттеу керек" деген.

Ал реттеу дегеніміз – бар нәрсені ұқсату. Енді жоғарыдағы мақалымызды былай деп өзгертіп көрейік:

"30-да орда сала алмаған 40-та қамал тұрғыза алмайды."

Бұзу оңай, бірақ тұрғызу қиын. Үйленіп, кейін "өмірімді өзгертем, бәрін жаңадан бастаймын" деп, ажыраса салу оңай. Бірақ отбасы ғимаратын жылдар бойы тұрғызу қиын.

"Өмірімді өзгертем" деп, бір мамандықтан екіншісіне секіре беру оңай. Бірақ бір іспен жылдар бойы айналысып, бар нәрсені ұқсатып, шеберлік мұнарасын тұрғызу қиын.

20 мен 30-дың арасындағы жолды жүріп өткен адам ретінде артқа қарап, 20-дағы іні-қарындастарыма айтарым мынау:

Бұзу емес, тұрғызуды көбірек ойла. Қазір жан-жағыңда кірпіштер шашылып жатыр. Энергия, білім, уақыт, мүмкіндік кірпіштері. Соны бір-бірден алып, "ақырын жүріп, анық басып", қалай баста. Сонда 30-ға қарай кемінде бір орда салып тастайсың. 30-да жүйесіз жатқан құр кірпіштердің үйіндісін көргің келмейтін шығар?

https://t.me/dzhigitbek
4.3K views08:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 14:17:29
Сіз кімсіз?
Бір ақ апта қалыпты ғой #әзіл #мем
2.4K viewsedited  11:17
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 01:57:39 Narikbi LIVE pinned « Episode 31. Олжас Бейсенәлі: Дін және салт-дәстүр ұлт бірлігін сақтайды Бүгінгі эпизод қонағы белгілі исламтанушы - Олжас Бейсенәлі. Олжас Теміртау қаласының тумасы, The University of Jordan түлегі (Исламтану), Нұр-Мүбәрәк студенті (Дінтану). 3 жыл тәжірибесі…»
22:57
Ашу / Түсініктеме
2021-02-14 00:08:00
Clubhouse бір керемет дүние екен.

Бүгін осының арқасында Ғаділбек Жанай және Ескендір Бестай ағаларымыз танысып, керемет сұхбат құрдық.

Подкаст жасасақ қалай, ә?
1.1K viewsedited  21:08
Ашу / Түсініктеме
2021-02-11 14:06:09 Подписчик санымен санасатын адамдарды көрсем күлкім келеді. “Подписчиктері көп қой!” деп кейде тіпті адасқан блогердің сөздерін осылай ақтап та жатады.

Инстаграмда болсын, өмірде болсын, бастысы - сапа деп ойлаймын. Қанша адам сізді оқиды, стористеріңізді қанша адам қарайды.. Кімге керек ол?

Маған телеграмның ұнайтын жері осы. Телеграм каналды накрутить ету өте қиын. Өте сапалы аудитория. Ұнамайтын сөз айтып қалсаң “отписка” деп мінез білдірмейтін қоғам.

Сол үшін де менімен бірге келе жатқандарыңызға көп рақмет. Негізі подкасттың аты да телеграмның каналдың атынан алынған еді.

Сапалы адамдардың санын көбейту үшін каналды достарыңызбен бөлісіп жүріңіздер.

Рақмет

@narikbi_live
1.7K viewsedited  11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-02-11 13:59:19 Более 40 миллионов пользователей Инстаграм имеют больше 1 миллиона подписчиков.

Чтобы вы понимали, если бы все эти люди жили бы в одной стране, то это государство было бы с населением как в Украине

Причём Украина раньше остальных поняла, что на территории бывшего СНГ живет огромное количество людей с больным эго, готовых платить за фейковых подписчиков.

Большая часть казахстанских звёзд той-бизнеса надули свои аккаунты искусственно, отправляя кучу бабла киевским разработчиком программ по накрутке ботов...
1.4K views10:59
Ашу / Түсініктеме