Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 65

2021-01-22 12:58:05
Мұғалімдерге сене бермеңіздер #әзіл
2.1K views09:58
Ашу / Түсініктеме
2021-01-21 01:52:29 SMM

Салем достар,

Аллаға шүкір біздің подкаст бір жылдың ішінде біраз жетістіктерге жетті. Подкаст бірнеше рет топ 5 кірді. Қазақша аудио контенттің көшін бастап тұрмыз.

Сандарға келсек, көп подкасттар өздерінің тыңдалымдарын жариялай бермейді. Мен сіздермен өте ашықпын. 23 эпизодты 50 мың астам рет тыңдапты. Сонда бір эпизодты шамамен 2200 рет тыңдайды екен. Подкаст үшін өте жақсы көрсеткіш асылында.

Бірақ, мен бұл санды кемі екі есе көбейткім келеді. Яғни, әр эпизодтың кемінде 5 мың, орташа 10 мың тыңдалып жинағанды қалаймын. Оны қалай жасаймыз?

Көбіңіз мүмкін подкастты инста парақша арқылы тауып алдыңыздар. Бізде қазір инстада 2800 астам, ал телеграмда 3500 астам оқырман бар екен.

Бұл инста парақша мен телеграм канал подкастқа қатты көмегін тигізіп келеді. Сіздерге көп рақмет.

Осы жылы мақсаттардың бірі оқырман санын екі платформада да 10 мыңнан асыру. Яғни, кемі инстада 10к, телеграм каналда 10к. Бұл көп те емес, аз да емес.

Бүгін ондайға накрутка мен гив жасау арқылы оңай жетуге болады. Алайда, маған сіз секілді подкастты сүйіп тыңдайтын, саналы оқырмандар қажет. Оларды ешқандай гивпен сатып алмайсың ғой.
Бірақ, оларды сапалы контентпен табуға болады.

Подкаст маған бір стартап секілді. Бәрін өзім жасаймын: қонақ шақыру, сценарий жасау, дыбыс жазу, монтаж, SMM. Көргеніңіздей бір өзіме жұмыс тым көп. Жоқ, мен сіздерге шағынып жатқаным жоқ.

Мен сапалы контент жасағым келеді. Алайда, жалғыз өзім оны жасай алмаймын. Маған сіздердің көмегіңіз қажет.

Қысқаша айтсам, мен осы подкасттың негізінде сапалы контент материалдар шығарғым келеді. Яғни, қонақтың айтқан сөздері, кітаптары мен ойларын текстпен инста, телеграм парақшаларымызға тұрақты түрде салып отыру.

Одан бөлек, қызық аудио үзінділерді пост және стористерге шығарып тұру. Әрине, көзге жағымды әдемі дизайнмен.

Осыған орай, мен біздің подкастты үзбей тыңдап жүретін SMM маманды іздеп жатырмын. Айтқандай, қиын іс емес, негізгі жұмыспен қатар алуға болады.

Әрине ақылы жұмыс, көп беремін деп айта алмаймын. Өйткені, подкаст маған еш қаражат әкелмейді, тек шығын ғана

Сонымен, егер сіз:
- SMM айналысқан тәжірибеңіз болса
- Біздің подкастты тыңдап жүрсеңіз
- Қазақ/орыс тілді контентті жасай алсаңыз
маған @narikbi жазыңыздар. Хатыңызда тәжірибеңіз жайлы жазсаңыз тіпті керемет.

Сіз ол адам болмасаңыз да, керек адамдарға таратып жіберсеңіз нұр үстіне нұр болар еді.

Көп рақмет,
Нәрікби
2.8K viewsedited  22:52
Ашу / Түсініктеме
2021-01-19 15:02:26
Математиктер түсінетін #әзіл
2.7K views12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-01-15 22:58:33
Айтпақшы, Рютте мырзаның тағы бір қызығы - оның великке құмарлығы. Бұл басқа голландықтар секілді жұмысқа тек великпен барады.

Осы жолы да жұмыстан велигімен қайтыпты. Бұлардың қарапайымдылығы расымен таң қалдырады.
3.7K views19:58
Ашу / Түсініктеме