Get Mystery Box with random crypto!

Лого Жақында Айсұлтан атты оқырманым маған бір ұсыныс тастады | Narikbi LIVE

Лого

Жақында Айсұлтан атты оқырманым маған бір ұсыныс тастады. Ол графикалық дизайнер екен.

Біздің подкастты тұрақты тыңдайды. Бірақ, подкасттың стилистикасына көңілі толмайды екен. Әрине, бәрін өз қолыммен жасағанмын ғой

Дизайнды өзі жасап шыққысы келді. Тегін. Мен келістім.

Біраз күннен кейін менімен хабарласып дайын екенін айтты. Нәтижесі көз алдыңызда.

Бұл тек лого ғана. Айсұлтан болса постерге де шаблондар жасап қойыпты. Шын көңілмен жасалғаны білініп тұр. Бұйырса посттарға да көмектесетін болады.

Осы логоны салып шығу үшін біраз зерттеу жасапты. Суреттерімді ақтарып, жапондық анимелерге келтіріп, қолмен көп эскизлар жасаған.
Соның бәрін ойластырып осындай концепцияға келіпті.

Неге көзім кішкентай, ал күлкім тым үлкен десем - бұл сол аниме стилі дейді. Адамның ерекшеліктерін анықтап, соған фокус жасау. Мендегі фокус - күлкім. Байқасам, барлық жерде күліп жүреді екенмін.

Маған өте ұнады.
Сіздерге қалай?

PS.: Айсұлтанның жұмыстары осында https://www.instagram.com/the.mbrk