Get Mystery Box with random crypto!

Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев П
Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев
Арна мекенжайы: @meyrambek_poeziya
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 553
Арнадан сипаттама

Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
99899 955 78 92
99893 485 78 92

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-05-09 08:39:21 Өлеңнен маржан сарын өрнектеген,
Жырыңыз кереметтей көрнекті екен.
Ақын інім туған күнің құтты болсын!
Сал серідей жүзіңіз келбетті екен.

Басыңызға БАҚ қонсын дәулет қонсын.
Өмірің мамыржайдай сәулеттенсін,
Тұяғы кешегі өткен ақындардың.
Ізісің дарыны мол әулеттенсің!

Өнерің өрге жүзсін қалықтасын,
Ақын деген жаны ерек жақын жансың.
Бір болса АЗАМАТТАР сіздей болар,
Себебі ҚАЗАҚ деген халықтансың.

Туған күніңіз құтты болсын! Қоңыраттан Сара апаң.
153 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 07:54:08 Мұқағалиша жырлайтын Мәкең ақын,
Жаралы жүректерге өлеңі жақын.
Толғанып оқимыз жырларын сезіммен,
Тағы да өмірге келді деп ақиық ақын.

Туылыпты мамырдың тоғызында,
Ұқсас екен ақынға жұлдызыда.
Ақиық ақынның жолын берсін,
Жалғассын өлеңдерің ізіне ерсін.

Жана берсін жұлдызың жарқырасын.
Әрқашанда басыңа бақ орнасын.
Жүрген жерде беделің биік болып,
Әлемге әйгілі боп атың қалсын!!!

Мейрамбек бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын.Өмірде орыныңыз төрден болсын жүзіңіз жарқын, мейрімге толы болсын.

Айтолсын
182 views04:54
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 07:40:40
Ассалаумағалайкум құрметті ағайын бүгін 09.05.2022 менің онердегі және өмірдегі ағам Мейрамбектің туылған күні
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілеймін. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан  танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Жеңгеммен бақытты ғұмыр кешіңіз?!

....деп құрметпен: Айдар Мөкешов

@aydar_tore1417
@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
146 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 07:40:20 Ассалаумағалейкүм поэзия сүйер қауым!
Бүгін біздің ағамыз-Мейрамбек Абдіқалиевтың туған күні.

Біз ақын ағамызға мықты денсаулық жұмыстарында табыс, отбасына береке мен бақыт тілеп отыра шығармашылық табыс тілейміз өлең менен өмірде сүрінбей алға қадамыңызды нақ басуыңызға тілектеспіз осынау дүркін халықтың алдында аман болуыңзды тілейміз. Болашақ жеңешемізбен бақытты болыңыз асқар таудай армандарыңыз орындала берсін...

Қарызымыз көп аға саған біздің,
Бүтіндігі үшін де жағамыздың,
Өмірі жеңіс пенен өте берсін,
Жеңіс күні туылған ағамыздың.

Бір ару бұйырар хақ саған айдай,
Әрқашанда жаныңа сая болғай,
Айдаржан кел екеуміз жар салайық,
Туған күні деп ағамның далаларға-ай.

Біз сізді жақсы көреміз аға!

Шәкірті: Ринат Хожамуратов
https://t.me/Meyrambek_poeziya
157 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 07:02:23 Дүние есігін ашыпсыз жеңіс күні.
Құттықтаймын ағатай өзіңізді.
Әлі талай биіктерді бағындырар.
Тұлға ретінде көремін өзім сізді.

Орда бұзар жасқа аға келіпсіз.
Жаныңызға жақсыларды жиыпсыз.
Әр жыл сайын тойлансын туған күніңіз.
Бір әдемі аруды жар етіңіз.

Қалт жібермей әр бір жазған өлеңіңнен.
Оқып шабыт аламын мен өзіңнен.
Ащы шындық,астарлы ой,әзілі бар.
Нағыз ақын деп өзіңді білемін мен.

Мейрамбек аға туған күніңізбен жазар жырыңыз бітпесін ,жүз жасаңыз кішкене оқырманың Ерасыл.
353 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 07:02:00 МЕЙРАМБЕККЕ ҚҰТТЫҚТАУ!

Туған жерің Тахтакөпір даласы,
Өлеңіңе куә сай мен саласы.
"Қызылқум"да Аралым деп,ах ұрып
Жырға қосқан ақын Мүлік баласы.

Дара туған бір ақынсың Муқаңдай,
Өлеңдерің сүйіп оқыр, журт қандай.
Ақтарылып төгілгенде маржан сөз
Төлегенде сені қолдап турғандай.

Жеңіс күні ,мейрам куні туылып,
Ақ сүт еміп,ақ тарап ,ақ жуылып
Баратырсың өз жолыңмен таңдаған
Әдебиетке белің берік буылып.

Өлең жазсаң,Айдар балаң әндетер,
Ринат шәкірт ,устаздығың сәнді етер
Оқырманды баурап алар әрдайым
Өлеңдерді сөз түйінің мәнді етер.

Шырқай берші бозторғайдай шырылдап,
Қанат қомда әл-аспанға жырыңды ап
Отыз жылың артта қалып баратыр
Арасында қызға сөз сал қырындап))) .


Тілектес жерлес апаң Азима.
355 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-08 20:33:28 Ассалаумағалейкум құттықтап жатқан баршаңызға рахмет!
Байқаудың жауабын ертең жариялайтын болдық.
Айыпқа бұйырмайсыздар.
Анықтау қиын болып жатыр.
318 views17:33
Ашу / Түсініктеме
2022-05-08 06:43:59
Ассалаумағалейкум құрметті оқырмандар достар!
Бүгін кешке көптен күткен және күтілмеген жазба жариялаймын.
Өлеңімді оқып жолдаған барша қатысушыларға мың алғыс!

@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
168 viewsedited  03:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 07:58:53 Бір кездері болған жазба айтыстан үзінді...

Жырыммен жүректерге жаз ап келем.
Жаз жанарлы қыздарды қозғапты өлең.
Кешегі айтыстанда аман өттік.
Бүгіннен ертең ғажап болад деген.

Жыр жазғаны белгілі жарамды шын.
Түсіре алмас бұл маңда бағамды сын.
Ассалаумағалейкум қазылар мен.
Ғаламторда кезіккен Қарындасым!

Байлығы мол біздің ел Пахта Мұнай.
Тыныш елде Самғайды көкте Құмай.
Күн суытса ештеңе емес тыныш елге.
Сирияның суығынан сақта құдай.

Жазба айтыстың бұл күнде бағы ашыла.
Ақындарын жыйнады аласұра.
Қарындастың кезегін күттірмейін.
Ақ тілегін арнасын ағасына!

Патша атамыз келіп жұр селт етті ме?
Тəптəтті тілектермен тербетті ме?
Атам келді деп əлде "Атамандар"
Қарғаны аққу қылып көрсетті ме?

Жолды жауып халықтың іркіп бəрін.
Бұлбұл деп айтпақшы ма шымшықтарын.
Ата кетсе арқайын ашамыз деп,
Уақытша жамады ма жыртықтарын?

Ағыл-тегіл ақ күнді арман етем.
Заманның тақырыбы жалған екен.
Ауруын көп жасырып бір ағамыз.
Өлімін жасыра алмай қалған екен.

Аралым арда кеткен ақ сазаным.
Бұл енді бүгінгі күн басқа сарын.
Масқараның көкесін көрер едік.
Көп Көкеміз шешкенде маскаларын.

Өмірдің қатал ма еді заңы сондай.
Кері қайтқан керуенмін жолы болмай.
Біріміз келген күні біріміз жоқ.
Жазба айтыста жүрміз ау жолыға алмай.

О отаным бақ бердің ғұмыр бердің.
Сені сақтар мендағы шымыр ермін.
Биіктерде байрағы желбіресін.
Тыныштығы тұрақтап тұғырлы елдің.

Жолыға алмас желіде себептер бар не түрлі.
Сақындыққой қарындас өлеңіңді өтімді.
Кезіге алмай осылай жүреміз бе жарығым,
Бірін-бірі іздеген ай менен күн секілді...

16.11.2018
@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
132 viewsedited  04:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 02:23:14
"Сол өткен күзді мен өпкен қызды,
Неге еске салды тамшылар ..."

@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
207 viewsedited  23:23
Ашу / Түсініктеме