Get Mystery Box with random crypto!

Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев П
Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев
Арна мекенжайы: @meyrambek_poeziya
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 553
Арнадан сипаттама

Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
99899 955 78 92
99893 485 78 92

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-05-17 11:17:21
Жазушылар алаңындағы ойлар.

Уа адамдар, тыңдаң мені датым бар.
Оқып берер өлең деген хатым бар.
Тасталқан қып жібереді санамды,
Тасқа айналған аты әйгілі ақындар.

Тас көшелер, тас мүсіндер тас қала,
Тас үстінде қиял сүрмек жас бала.
Топырақтан жаралсақта әуелі,
Қол созбадық қара тастан басқаға?

Орнатылған ұлыларға данаға,
Тас мүсіндер, тыным бермес санама,
Таста төзім болатыны ақиқат,
Бірақ онда сезім деген бола ма?

Мейлі қойшы, ол қиялдың шатағы.
Мендік ойлар кіл шатасып жатады.
Бірақ маған мүсіндердің аязда,
Қар да мұз да жаурағаны батады.

Тірісінде алмасақта батаны,
(Зияраттаймыз тас мүсінді атаны...)
Бірақ маған жазира да жаз айы,
Күнге - аптапқа күйетіні батады.

Жердің үсті, аспан асты сарайдың,
Жұмбақ маған алда келер әр ай - күн.
Ұлылардың бейнесіне айналған,
Тастарға да аянышты қараймын.

Мынау басқа келсе де ой не түрлі,
Жеткізе алмай келем оны өтімді.
Тірісінде жаурағанын жанының,
Ескерткіштер ескертетін секілді.

Қиялымның қанатының астына тағы бір ой бекінді.

Мейрамбек Абдіқалиев
121 views08:17
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 07:10:25
***

Ғұмыр кешкім келмейді таласумен,
Қиялымда келемін қыр асумен.
Адам болсам болғаны аласы кем,
Түк шаруам жоқ жұрттардың баласымен.

Ойда бөлмен өзгенің өсегіне,
Дым өкпем жоқ көшенің есегіне.
Ауылдың иттері де абалайды,
Бірақ бәрін ұмыттым - кешегіде.

Боямайды деседе сөзіңді рең,
Мендегі өлең шынайы сезім кілең.
Ақыл айтқың келе ме айта берші,
Айта берші,
Айта бер - өзім білем!

Өкпелеткім келмейді өзімді мен.

Мейрамбек Абдіқалиев

@AbdiqalyevMeyrambek
@Meyrambek_poeziya
215 viewsedited  04:10
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 07:08:06
Жазғаным сезім үшін, өзім үшін

Бір мүмкіндік болса егер пайдаланып,
Өлең іздеп келер ем айға барып.
Жыр орнына жаныңды бер десе егер:
Жолымнан қайтпайтыным айдан анық.

Барар едім жыр іздеп алысқа да,
Қарсы жүзіп көрер ем ағысқа да.
Тайсалмаймын тағдырым туралап кеп,
Таулардың тастарына соғысса да.

Арман алыс білмеймін бара алам ба?
Жол таба алмай, жоқ әлде жоғалам ба?
Шексіздіктен сүйсініп сөйлеу бекер,
Талғамы мен түйсігі тар адамға.

Жанымды жүз жаралап мың тілемін.
Күрсінемін, күлемін, жыр тіледім.
Бір өлең жаздым жаңа ғарыштан кеп.
Сіздерге ұнамауы мүмкін оның.

Ол енді маңызды емес.

Мейрамбек Абдіқалиев

@AbdiqalyevMeyrambek
@Meyrambek_poeziya
208 views04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 05:26:20 Ассалаумағалейкум қа
айырлы таң!

Ертеде бір палуан жолаушылап келе жатып жол жөнекей бір үйге құдайы қонақ болады. Өзі атақты бір палуанмен күресіп, соны жеңіп келе жатқан беті екен. Дастархан басында әлгі палуанды қалай жеңгенін қайта-қайта айтып, мақтана берген көрінеді. Ал оның айтып отырған атақты палуаны босағада шай құйып отырған келіннің ағасы екен. Бауырын жығып, онысын бөсіп айтып отырған құдайы қонақтың бөстекі әңгімесі келіннің намысына тисе керек, шыдамы әбден сарқылып, әлгі қонаққа қарап:
— Сіздің айтып отырғаныңыз менің туған ағам болады. Жеңгенің рас болса, менімен күресiп көр, күшіңді сынап көрейік, – депті келін. Нәзікжанды әйел адамның бұл әңгімесі палуанның қытығына тиіп кетсе керек, шамданып қалған ол:
— Мына қатын не деп оттап отыр, боз кілемде астыма салып бір илейтін екен өзін, - деп мазақ етеді. Одан сайын ашуы келген келін, қанша дегенмен осал жердің қызы емес қой, мақтаншақ палуанға қарап:
— Көрерміз, кімді кім жеңетінін. Мықты болсаң көп сөзді қойып, шық кілемге, - дейді.
Екеуі боз кілем үстінде күресіп кеп береді. Алғашқыда өзіне толық сенімді болған жігіт келіншектің күресіне немкеттілеу қарайды. Бірақ, болдыратын емес. Әбден ашуға булыққан әйел палуанды атып ұрып, астына басып, біраз отырады.
Еркек басымен әйелден жеңiлген палуан кірерге тесік таппай, әбден қорланады. Елге қарайтын бет жоқ, содан беті ауған жаққа қарай ауып кеткен екен.
Әйткенмен, жігіттің наласы бар ғой, палуанды жеңген әлгі келіншек көп өтпей қатты ауырады. Ол уақытта қазіргідей доғдыр қайда, ел аузында жүрген бір емшінің дерегін алып, іздеп барып жағдайын айтады. Сонда әлгі емшi мұны ары-бері карап:
– Сенің кеселің өте ауыр екен. Ер адамның үстінен аттап кеткен жерің бар ма еді? Егер бар болса сол еркекті тауып, кешірімін алуың керек. Сонда ғана саған ем қонады, - дейді. Сырқаты жанына батқан келіншек қасына күйеуін ертіп, баяғы өзі жеңген палуанды іздеп жолға шығады. Ай жүріп, апта жүріп, әлгі палуанның еліне барса, ол әлдеқашан ішқұса болып өліп кеткен екен. Енді қайтеді? Міне, осы жерде әйел адамның ақылды болатыны тағы бір дәлелденеді. Ол: «Ең болмағанда палуанның киімі бар шығар, соны беріңдер», – деп палуанның өзімен күрескен кездегі киген шекпенін сұратып алады.
Оны өз күйеуіне кигізіп, үш рет басын иіп кешірім сұраған екен. Содан көп ұзамай түс көрiп, түсiнде палуан кешірім бергенін аян арқылы білдіреді. Осылайша ол ауруынан құлан таза айыққан екен..

Бұдан шығатын түйін: ешқашан әйелді кемсітіп, төркінін тілдеп, намысына тимеу керек.

Екіншіден, мейлі ол бала болса да, әйел адам еркектің үстінен аттауға болмайды.

Үшіншіден, киімде де кие болады, сол үшін киімді ешқашан аяқасты етпеңдер!

@AbdiqalyevMeyrambek
@Meyrambek_poeziya
31 viewsedited  02:26
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 15:30:57 " Сағыныш "

Сөзі: Ринат Хожамұратов
Орындаушы: Айдар Мөкешов

@Aydar_tore1417
https://t.me/Rinat_poeziyaa
173 views12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 09:20:30
Ескі пундаменттің үстіне ескі кірпіштерден қаланып салынған үй жаңа үй болмайды десем бәлеге қаламын - ау ә?!

Мейрамбек Абдіқалиев

@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
267 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 06:49:29
82 views03:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 12:50:23
Болмайтынды болады деу оптимистік емес

Айтылмай қалды ау талай жыр,
Ашылмай қалды ау талай сыр.
Мен бе тек шерлі шерменде,
Пенделер мынау қалай жүр?

Күнде өліп жатыр шындығың,
Сүрленіп жатыр сұмдығың,
Ақылды ылғый айналам,
Жападан жалғыз жындымын.

Үйір де үйір үйсізі,
Қиырда күйер күйсізі.
Дардыйған бәрі данышпан,
Мен ғана шығар мисызы.

Селт етсем шығар сес біліп,
Елпеңдеп ерер ескілік.
Ақымақтық жасап ағалар,
Ақыл айтады кешкілік.

Жансың ғой деумен алаңсыз,
Сенбейсіз тағы маған сіз.
Айтарсыз көп жайт шүкір деп,
Тыңдаймын, бірақ амалсыз...

Түсініксіздігіме ендеше, түсіністікпен қарарсыз...

Мейрамбек Абдіқалиев

Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek

Каналға тіркелу:
@Meyrambek_poeziya
431 viewsedited  09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 22:22:03
Бүгінгі күн сен үшін ерекше қуанышты күн! Бүгінгі таңда, Әму елінің, жыр дүлдүлі Тілеуберген, Төлеген, Ибрайымның ізбасары ақын, Мейрамбектің туған күні екен. Мейрамбек бауырым туған күнің құтты болсын! Денің сау болсын! Армандарың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Жанарыңыздың нұры, ата-анаңның ақ үмітін ақтап, жұмысыңның жемісін көріп, үлкен биіктерге жете бер!Бауырым саған шығырмашылық табыстар тілеймін.
Ізгі тілекпен Жеткізген Дүйсенғали ұлы



Каналға тіркелу

https://t.me/tolegenaybergenov
270 views19:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 21:56:07 Жыламашы

Сөзи: Мейрамбек Әбдиқәлиев
Баўыржан Ҳамидуллаев атқарады

Қайтсем екен көзіңде тамшыларды?!
Тамшы - тамшы жанымды жаншылады.
Гүлімменің шықтарты сілкіп тастап -
Жүрегіңнің жарасын таңшы тағы.

Қайтсем екен көзіңнің моншақтарын?!
Сүрте алмаймын сүйіктім алшақтамын.
Сен сағынған күндерді артта қалған,
Мен де жүрмін сағынып аңсап бәрін.

Тарқайды ма көгіңнен күдік - күмән.
Басыла ма көңіліңде бұлт - тұман.
Көрінер ме күлгішің жүзіңдегі,
Суретімді жіберсем күліп тұрған?!

Суретіңді жіберші - күліп тұрған...

Жаңа толқын, жаңа әдебият:
Ағза болың @QRJas_doretiwshiler
313 views18:56
Ашу / Түсініктеме