Get Mystery Box with random crypto!

Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев П
Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев
Арна мекенжайы: @meyrambek_poeziya
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 553
Арнадан сипаттама

Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
99899 955 78 92
99893 485 78 92

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 33

2021-05-09 17:49:12 #Жеңіске75жыл

"Қаймықпайды ел ұрыста, əзірейіл - тажалдан:
Адам жанын соғыста адамдардың өзі алған"
Қадыр Мырза Əли

Таңдайыма түспейді тəтті сөздер,
Түсінбеймін бұл күн бе шаттық іздер?
Аналар мен балалар көз жасына,
Жеңісті айырбастап алдық біздер.

"Не болса да болды деп баяғыда",
Неге көңіл тартпайды тойлауыма.
Неге десең, жеңісті талай ердің,
Айырбастап алдық қол - аяғына...

Бабамның қаны, жүргенім бейбіт жер басып.
Соғыста жатар өмір мен өлім арбасып.
Жеңіске жеткен, жетпіс бес жыл бұрынғы ел:
Қара хаттарға Қаракөздерді алмасып.

Жырыңның сол болған соң кейіпкері,
Жеңдік деп талай көңіл биіктеді.
Бірақ маған той емес ой сыйлайды.
Белгісіз əскерлердің бейіттері.

Жетпіс бес жыл - жүйрік ау уақыт сірə,
Жетпіс бес жыл - жеңістің тарихына.
Біз оны айырбастап алдық бірақ,
Талай - талай жандардың табытына.

Жеңем деп Фашизмнің теріс күшін.
Атамыз ажалмен де керісті шын.
Жетпіс бес жыл кешігіп аталарым,
Рақмет айтам сіздерге Жеңіс үшін.

Бабамның қаны, жүргенім бейбіт жер басып.
Соғыста жатар өмір мен өлім арбасып.
Жеңіске жеткен жетпіс бес жыл бұрынғы ел.
Қара хаттарға қаракөздерді алмасып...

Мейрамбек Абдіқалиев
09.05.2020
168 views14:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 17:46:06 (Екі жыл алдын дәл осы күні жазылған)

27 жас

Өмірден кейде түңіліп,
Қадам ба қадам жығылып.
Мың тұрып тағы сүрініп.
Сындарда шыңдалу үшін.
Ертегі болып еркелік,
Төлемі төмен тер төгіп.
Өзегім от боп өртеніп.
Өлеңге мұң шағу үшін.

Құбылма орай ғұмырда.
Берік боп ұстанымыма.
Дос түгіл дұшпаныма да,
Адалдық барын білдіру үшін.
Қарайтын көздер тамсанып.
Жолсыздан жүріп жол салып.
Ақиқат туын қолға алып.
Көгіме күнді күлдіру үшін.

Тағы көп жырға қосатын.
Жолымды күнде тосатын.
Ғаламға махаббат барын.
Жырыммен көрсету үшін.
Жүрек деп сезім мекенін,
(Қайталай беріп не етемін)
Шын сүю деген не екенін.
Мəжнүнге үйрету үшін.

Өтірік сөзге сенбеуге,
Өсек - аяңға ермеуге.
Бір минут уақыт бөлмеуге:
Жағымсыз жалған дау үшін.
Болмасамдағы жақсы ақын.
Қалса екен деймін жақсы атым.
Арманым болып - мақсатым,
Өлместей армандау үшін.

Мен - жиырма жеті жыл бұрын дүниеге келгенмін.

Мейрамбек Абдіқалиев
09.05.2019
https://t.me/Meyrambek_poeziya
149 viewsedited  14:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 05:33:11
"Бүгін, бүгін бүгін..."
174 viewsedited  02:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 19:44:45 Иіліп өмір сүру дегенің өлімнен жаман Арлыға

Ой бағам кейде тағдырлас па екен тамырлас па екен бар ақын,
Шимайлай ма олар күйіп кетткеннен қойындәптердің парағын?

Биік бір шыңға шыға алмай келем кедергі кейбір жарқабақ,
Ал жағымпаздар кетеді менің алдымды ылғи алты орап.

Көңілім талай тепкі жесе де жас айналмаған көзімде,
Қасқайып тұрғам қасақанаға кінәлі сәттің өзінде.

"Иілген басты қылыш кеспейді" - дегенге келсек ал мына:
Иіліп өмір сүру дегеннің, өлімнен жаман арлыға!

Сөзімді менің дөрекілік де, надандық мейлі бүлік де,
Бас иіп бірақ кешкен ғұмырдың түк керегі жоқ жігітке.

Бас болу көрек қоғамға мынау туған соң болып Бөрікті,
Біз бірақ талай көріп жүрміз ау бөрікпен жүрген өлікті.

Жағымпазданып жанға бармаспын, бітпейтін ісім бітпесін.
Асқақтап кетсем атып тастаңдар сөзімнің қойдым нүктесін!

(Тірі адамдар:
Ештеңе де болған жоқ - сұрамаңдар!)

Мейрамбек Абдіқалиев

https://t.me/Meyrambek_poeziya
312 views16:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 08:57:57
Бала тіліндегі өмір шындығы
393 viewsedited  05:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 08:05:57
Республикалық "Зомин" семинар кеңесіне қатнасатын болдық.
Құттықтауларыңызға болады
273 views05:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 12:52:40
Не дейсің?!...

От болып сенсіз өртеніп жанып өзегім,
Күйін кешем бе құмдарға шөккен кеменің?
Жаралған мынау жүз рет жанды жаралап.
Жырымды саған оқып берейін деп едім...

Тасқын сезімім, тасыса бұзып кемерін.
Толқында - толқын жүректе тулар кемел үн.
Жалпы ғаламның жауратқан сəтте аязы.
Жаныңнан сенің жылылық тапсам деп едім...

Жұмбағымменің, тұңғиық түпсіз тереңім.
Сергелдең болдым, хатыңның күтіп дерегін.
Өмірге кейде өкпелі болған кезімде.
Өзіңе барып, сырымды шертсем деп едім...

Алдамшы ойға, алданбасыншы жүрегің!
Дəл мендей сені сүйе алар дейсің жəне кім?!
Шарасыз қалып шаршап кеткенде жалғаннан.
Шырын сөзіңнен ем табамын ба деп едім...

Күңгіртте - күңгірт көңілде сенсіз көне мұң.
Көне мұңымды апарып қайда көмемін.
Бақытсыз болып өтпеуім үшін өмірден,
Бақ гүлім сені бақытты қылам деп едім...

Сен менің жарым бола аласың ба Əдемім,

Не дедің?!...

Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
294 viewsedited  09:52
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 21:42:07 TOLQÍN
Ádebiyat - ushan teńiz. Ol jańa tolqınlardı ańsaydı. Oǵan jańa "qan", jańa rux baǵıshlawǵa talpınıp, dóretiwshilik etip atırǵan jas dóretiwshilerdiń dóretpeleri menen tanıstırıwdı maqset etken kanalımızǵa xosh kelipsiz!
https://t.me/tolqinkr
330 views18:42
Ашу / Түсініктеме
2021-04-25 11:42:51
Бақытты жандар өлең жазбайды,
Өлең дегенің өкініш, қарғам...

Нұрбол Ибраев
362 viewsedited  08:42
Ашу / Түсініктеме
2021-04-23 10:06:32
Бір досың болады: аяғың сүрінгенде қасың болады.
Тағы бір досың болады: күндердің күнінде, сен үшін күндеге басын қояды!

Кімнің - кім екен ажыратқанда кеш бола ма деп қорқамын...

Мейрамбек Абдіқалиев
333 viewsedited  07:06
Ашу / Түсініктеме