Get Mystery Box with random crypto!

Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев П
Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев
Арна мекенжайы: @meyrambek_poeziya
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 553
Арнадан сипаттама

Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
99899 955 78 92
99893 485 78 92

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 34

2021-04-22 06:42:24 Жақсы адамдар

Керек емес атағың ақылыңда .
Өз несібем өзімнің тақымымда.
Жеті ғасыр жасауға жер баспай-ақ.
Жалғыз өлең жетеді ақыныңа.

Қоғамды қақсатқанда қадыр - ойын.
Керек емес мəртебең абыройың.
Мендік арман аспанның ар жағында.
Аяғымнан шала алмас қəбір ойың.

Рахмет!
Жобаңада, жорғаңада.
Құлауын құлагердің сор балама.
Міндет етер мінбеге мінгізгенше.
Мені апарым қарағым торға қама!

Айтпағым арзан арман, ақсаған ар.
Күнін - ай, жұлдыздарын аспан алдар.
Жер ғаламды талқандап тастар едім:
Болмағанда,
Бір - екі жақсы адамдар!

Жақсы адамдар!
Сендер аман болыңдаршы - мен үшін...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
341 viewsedited  03:42
Ашу / Түсініктеме
2021-04-20 22:31:05
Жүрегімді жұбатарлық не айтады жүрегің?

Сәлем жаным!
Қалың қалай жақсы - ақ па?
Тағдыр сені менен бөліп өзге жанға қоспақ па?
Мен өзіңді жай алыстан бір көре алмай күйінсем...
Басқа біреу жүрген шығар білегіңнен ұстапта...

Өзге жанның қолында ма сенің аппақ білегің?
Құшқан шығар беліңнен, тағы ерніңнен...білемін...
Қызғаныштың алауында жанып тұрып сұрарым:
Жүрегімді жұбатарлық не айта алар жүрегің?

Сезімімді түстей алмай, атай алмай бір атпен.
Ділімде де, тілімде де қайталанып жүр ӘТТЕҢ!
Маңдайыма жазылмасаң тағдырда деп бар айып,
Өп - өтірік бақыт тілеп кете алмаймын бірақ мен.

Кете алмаймын, кете алмай қайта - қайта оралам,
Сүйгенінен қалай алыс жүре алады тірі адам?
Түн ұйқымнан шыдай алмай кейде шошып оянам,
Сен бе екен деп түсімдегі мені қимай жылаған...

Жүрегіңді жұбатарлық сөз таппай жүр жүрегім!
Білесің ...білемін...

Мейрамбек Абдіқалиев
Байланыс:@Abdiqalyev_Meyrambek
https://t.me/Meyrambek_poeziya
337 viewsedited  19:31
Ашу / Түсініктеме
2021-04-20 11:16:33 Қай ақын бақыттан қашпаған?!...

Тасқараң.
Баянды бақ ізде басқадан.
Жырларым ғашық қып қойғанмен.
Жақсы өлең жазбайды жақсы адам.

Бақ ғұмыр.
Өзгеден өзгеше тақшы гүл.
Тәтті өмір аңсайды адамдар.
Тәтті өмір болмайды тәтті жыр.

Ойлама!
Мұң шақпа күнге де айға да.
Ғасырлық қалады сағыныш.
Амалсыз "қош" дейміз жайғана.

Қуатым!
Жүгенсіз мінгенім жыр атын.
Өзегі өртеніп өлсе де.
Өлең боп жасайды ұлы ақын.

Асқақ ән!
Қай ақын бақыттан қашпаған?!
Бағалы өлеңдер жазады,
Баянсыз сапарын бастаған!

Мейрамбек Абдикалиев
2017
https://t.me/Meyrambek_poeziya
699 viewsedited  08:16
Ашу / Түсініктеме
2021-04-19 09:07:07
Біздің бақтан бір сурет.
Өзім түсірдім
295 viewsedited  06:07
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 07:56:16
Video: "Jas dòretiwshiler" klubi
Tayarlaģan: Qutlibiyke Matkerimova
430 views04:56
Ашу / Түсініктеме
2021-04-14 10:06:11
Президент мектебі
344 viewsedited  07:06
Ашу / Түсініктеме