Get Mystery Box with random crypto!

Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев П
Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев
Арна мекенжайы: @meyrambek_poeziya
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 553
Арнадан сипаттама

Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
99899 955 78 92
99893 485 78 92

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-02-28 17:25:46 1 - Наурыз

Сағат түнгі он екіден бір кетті.
Біздің жүрек, біздің жүрек дір етті.
Ақпан кетті, көктем келер күлімдеп.
Көктем келер көкке орап жер көкті!

Жасыра алмай жанардағы күлкіні.
Көп ойландым, төсегімде сол түні.
Таңда дала тұратындай түрленіп.
Гүлін ашып теректердің бүртігі.

Сағат бірден, жоқ екіден он кетті.
Өткен жайлы, көктем жайлы ой кетті.
Өлең жазғым келгені ме білмедім.
Шимайладым қалам алып бір бетті.

Шабыт деген шалқытатын шарап па?
Не жазбақпын сонда мынау параққа?
Ерте ояндым...
Ауа - райы: сұп-суық.
Көптен Күткен Көктем деген сол - ақ па?!

01.03.2018
Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
@QRjas_doretiwshiler
204 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 08:41:22
Мөкешов Айдар
"Сағындың ба?"
Тахтакөпир районы 17-санлы мектептиң 11-класс оқыушысы.

@QRjas_doretiwshiler
167 views05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 08:30:44 https://t.me/QRjas_doretiwshiler

Қарақалпақстандағы жас ақын - жазушылармен қоса дарынды, талантты жастардың өнерін насихаттайтын телеграм каналымызға қосылуды ұсыныс етемін.
Оқушыларыңыз достарыңыздың шығармашылықтарын админдерге жіберіп барсаңыз ең жақсылары жарияланып барылады.
152 viewsedited  05:30
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 15:27:17
Жолдар

Пенделерден өздерін ай қып көрген,
Еш сәтім жоқ тартынып тайқып көрген.
Қасқырмын деп кеуде керген талайларға,
Ит қылығын сан рет айтып бергем.
Тағы сонша таланып қайтып келгем.

Шындық деген сәттерде бүлінгенмін,
Жүз жеңіліп жүз тұрып бірін жеңдім.
Шіренген талайлардың шіріктерін,
Шімірікпей тіліммен тілімдедім,
Тағы сонша шалынып сүрінгенмін.

Басқа қонар тәңірдің бағы болса,
Басқа - басқа, бұл елдің соры қанша?
Басындырып көрмеппін басымды иіп,
Басым осы дегенмін шауып алса.
Тастың ізі арқамда тағы сонша...

Алда не болар екен?!

Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
@QRjas_doretiwshiler
@AbdiqalyevMeyrambek
178 viewsedited  12:27
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 14:44:03 Мүлк ауылында

Біз кеше бейресми сапармен мынау, әму жағалауындағы, қазіргі күннің сыршыл да ойшыл, жас ақын Мейрамбек Әбдіқалевтың ауылына барып келдік. Ат басын бұрып, бізден екі жүз шақырым Тахтакөпірдей киелі топыраққа баруымыздың бірден-бір себебі. Мейрамбектің 11-сыныптағы шәкірті Мөкешов Айдар болатын. Айдардың әуеніне тәнті болған менің досым Досболат, сол жігітті көзімізбен көріп, бір-екі әнін тыңдап, құлақтың құрышын қандырып келейік деген болатын. Мен, әрине келісімімді беріп, біздің онлайн сайысымыздың қатысушысы Мөкешов Айдардың оқып жатқан мектебіне бардық. Біздің сол мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамбек ерекше илтифатпен күтіп алды. Мен өзім ақын болмасам да, өлеңді өнерді бағалайтын, поэзияның жан күйерімін. Мектептің кітапханасында отырып, Айдардың қазақтың қара домырасының сүйемелдеуінде бірнеше ән тыңдадық. Онан соң Мейрамбектің үйінде екі кесе шәймен Айдардан Қашағанның термелерін, Төреғалидің әндерін тыңдадық. Классикалық үлгідегі әндерден де тыңдадық. Мейрамбектің өзі де қаламына тиісті, сиясы кеппеген бірнеше өлеңдерінен оқыды. Мейрамбектің өлеңі тұнып тұрған поэзия екеніне өзі оқығанда сөз жоқ дара ақын екеніне сенген болатынмын. Қара өлеңмен анау батырлар жырындағы секілді шұбыртып ұйқастырып әкететін ақындар жетеді. Мейрамбектің өлең өрнектеуі өзгеше. Онан соң Мейрамбек өзінің қаламына тиісті "Қызылқұм" атты кітабына автогрф жазып ұсынды. Кітаптан қымбат сыйлық жоқ ғой! Ақынның өз кітабынан, өз қолынан алғанға ерекше қуанып кеттім.
Ұзын сөздің қысқасы сайыс тәмамдалмай тұрып біз сайыстың шартын бұздық. Бұзғанда былай ғой! Уәде еткеніміздей 1-2-3-орындарға жүлделер беріледі. Біз Мөкешов Айдарға "Аға жүлдегер" деген атпен 1-орыннан да жоғары тұратын жүлдені өз қолымызбен табыстап, қайттық. Біз енді оның орындаған өлеңін сайыстан шығарып, жәй ғана каналымызға салып қоямыз. Мен бұл мақаланы ат үсті (таксиде) асығыс жазып келе жатырмын. Қателіктер кеткен болса кешіріңіздер

Сәлеммен канал админстраторы

@tolegenaybergenov
@jets04
@Meyrambek_poeziya
@Aydar_tore1
@AbdiqalyevMeyrambek
199 viewsedited  11:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 07:55:31
#Көңіл айту

"Жас дөретушілер клубы"ның мүшесі.
Жас ақын қыз Құндыз Зийрапованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты, барлық жақындарына, дос бауырларына көңіл айтамын.
Үнемі көңілді, көпшілік жазбаларыма пікір білдіріп бағалап жүретін жан еді.
Өмірде кездеспесекте жақын жақсы достардың бірі еді.
Жаның жұмақтан жай тапсын!
Әумин.

(Бүгін бар адам ертең жоқ болып қалуы өмір заңы екен, үнемі жаныңыздағы, жадыңыздағы жақын жандарды "жоқ" болмай тұрғанда бағалап жүріңіздерші)
Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
145 viewsedited  04:55
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 18:26:50
Оңаша ойлар

Сенің күлкің біреуге кектей болады,
Сенің гүлің басқаға шөптей болады.
Әзілің өтіп жүрген жандарға кейде,
Шындығың өтпей қалады.

Сұлулық кейде дерттей қонады,
Тәтті жемістер көктей солады.
Ең соңғы жазған хатың да бірде,
Себепсіз, кетпей қалады.

Жақсының сөзі - серттей болады,
Жаманның ойы - өрттей болады.
Бағыңды әрең тапқанда оған,
Бір қадам жетпей қалады.

Ал, арамызда қаншама шақырымдар...

Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
126 viewsedited  15:26
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 08:08:48
https://t.me/Meyrambek_poeziya
183 viewsedited  05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 08:47:37
13-ҚАТЫСУШЫ
Тахтакөпір ауданы 17-санды жалпы орта білім бепу мектебінің 11-сынып оқушысы Мөкешов Айдар
"Ақ ерке, ақ жайық"

Қазақ тілі әдебиет мұғалімі. Мейрамбек Әбдіқалиев

https://t.me/tolegenaybergenov
177 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 08:47:37 Қолдап жіберерсіздер!
139 views05:47
Ашу / Түсініктеме