Get Mystery Box with random crypto!

Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев П
Telegram арнасының логотипі meyrambek_poeziya — Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев
Арна мекенжайы: @meyrambek_poeziya
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 553
Арнадан сипаттама

Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
99899 955 78 92
99893 485 78 92

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-06-08 06:21:37 Жігерлендіру

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың,:
Мен бірақ селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені - өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басындағы бөрік пе,
Орамал ма?
Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нәресте көруге тиісті емес,
Әкесінің еңкілдеп жылағанын,
Әкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы бір-ақ адым.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын.
Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кәне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған:
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақкөйлекті кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған:
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген - әлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойынды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері,
Бақытсыздық емес, ендеше!

Мұхтар Шаханов
https://t.me/Meyrambek_poeziya
286 views03:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 05:56:50
@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
121 viewsedited  02:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 05:55:42 Янги таржимам
Жаңа аудармам

Парадокс емес

Пікіріме дауласа ма көне ме,
Маңызды емес, дау бермейді өнеге.
Ақыннан алдын тумаған шығар сыншылар,
Өлеңнен алдын болмаған шығар ереже?!

Қараңғылықтан кейін келеді күніңде.
Кітаптан алдын болғаны анық білім де.
Қаламнан алдын жоқ болған сірә өшіргіш.
Пендеден алдын пайда болмаған дінің де.

Бар екенін біле алмадым не сырын,
Айыптан алдын сұралмайды ғой кешірім.
Жерге түсіп көріп жүр ме екен пенделер,
Көкте жүріп жеген алма кесірін?!

Тарих десек болған істі әріде.
Жастың жолы жеткізеді кәріге.
Қауіптен алдын болмаған тукте қорқыныш.
Аурудан алдын жаратылмаған дәрі де.

Біле алмадым не бұрысын не дұрыс?
Соғыстан алдын соғылған емес бекініс.
Сағаттан алдын болған ғой уақыт шын айтам,
Ең соңына кеп жаралған екен өкініш.

Не үшін?

Мейрамбек Абдіқалиев

Қозоқ тилидан ўзбек тилига Робия Қамчибек қизининг таржимаси

Пародокс эмас

Фикримга ким қаршидир, кимдир ҳайрихоҳ,
Бу муҳиммас, барибир ундан не сабоқ?
Шоир қолиб, олдин ҳеч туғилмас синчи,
Шеърдан олдин қоида яралмас мутлоқ.

Зулматдан сўнг, албатта, келар ёруғлик,
Илм бўлгани аниқ яралмай битик.
Қаламдан олдин қайдан бўлсин ўчирғич,
Дин бордир, бўлгани чун банда- яратиқ.

Не синоат борлигин сира билмадим,
Айб қилмайин, қайдан ҳам бўлсин кечирим.
Ерга тушгач, кўрибди дейсизми банда,
Кўкда юриб егани- олманинг касрин.

Тарих аталади иш- бўлган қадимда,
Ёшнинг йўли қарилик бўлар сўнгида.
Қўрқинч сира бўлмаган хатардан олдин,
Дори ҳам яралмаган дард аввалида.

Билмадим не тўғри ва ненинг эгрисин,
Пистирма урушдан сўнг қурилгани чин.
Соатдан олдин вақтнинг бўлгани шаксиз,
Билганим, энг охирда яралган ўкинч.

Нега?

@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
125 views02:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 17:49:25
Осындай жаңалығымызда бар еді.

02.06.2022

@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
@QRjas_doretiwshiler
258 views14:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 19:24:03
Бала Айдар мен жігіт Айдардың видеосы))

Каналға тіркелеміз:
@Meyrambek_poeziya
@Aydar_tore1417

Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
460 viewsedited  16:24
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 22:39:40
Не айта аламын мұндайда не деуге болады?
Жалпы білім беру саласында жұмыс жасағалы жеті ақ жыл болыпты.
Бірақ сол жылдар ішінде қаншама оқушы, шәкірттер білім ордасынан қанат қомдады.
Әр жыл, әр сынып, әр оқушы қымбат.
Кейінгі жылдарда тек өз мектебімнің емес бүкіл өзімді ұстаз деп санаған оқушы жастардыңда болашағына алаңдайтын болыппын.
(Өзімді білмедім) Сөз соңында бәрініңде алдағы өмірі сәтті қуанышты күндерге толы болуын тілеймін.

Сол баяғы бір өлеңімде айтқанымдай: "Жүз оқушым іздегенде өзімді,
Жүз баланың әкесіндей сезінем!"
Иә, оқушыларыңның құрметі, қимастығы мен сыйластығы кез келген, тіпті мемлекеттік сыйлықтарданда артық.
Мен өз мамандығым, кәсібім шәкірттеріммен мақтана аламын.
Сәт сапар саған жас түлек!
25.05.2022

@AbdiqalyevMeyrambe
@Meyrambek_poeziya
58 views19:39
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 12:02:05
Парадокс емес

Пікіріме дауласа ма көне ме,
Маңызды емес, дау бермейді өнеге.
Ақыннан алдын тумаған шығар сыншылар,
Өлеңнен алдын болмаған шығар ереже?!

Қараңғылықтан кейін келеді күніңде.
Кітаптан алдын болғаны анық білім де.
Қаламнан алдын жоқ болған сірә өшіргіш.
Пендеден алдын пайда болмаған дінің де.

Бар екенін біле алмадым не сырын,
Айыптан алдын сұралмайды ғой кешірім.
Жерге түсіп көріп жүр ме екен пенделер,
Көкте жүріп жеген алма кесірін?!

Тарих десек болған істі әріде.
Жастың жолы жеткізеді кәріге.
Қауіптен алдын болмаған тукте қорқыныш.
Аурудан алдын жаратылмаған дәрі де.

Біле алмадым не бұрысын не дұрыс?
Соғыстан алдын соғылған емес бекініс.
Сағаттан алдын болған ғой уақыт шын айтам,
Ең соңына кеп жаралған екен өкініш.

Не үшін?...

Мейрамбек Абдіқалиев

@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek
202 viewsedited  09:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 12:13:05
Ташкент қаласына кезекті сапарымыздан суреттер.
Низами атындағы ТМПУ кітап презентациясы және студенттермен кездесу.
Өзбекстан жазушылар одағындағы жиналыс.

@AbdiqalyevMeyrambek
@Meyrambek_poeziya
273 views09:13
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 10:30:13
128 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 09:39:12
Оқыған: Сұлтанбек Қаллыбеков
159 viewsedited  06:39
Ашу / Түсініктеме