Get Mystery Box with random crypto!

Дүние есігін ашыпсыз жеңіс күні. Құттықтаймын ағатай өзіңізді. | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Дүние есігін ашыпсыз жеңіс күні.
Құттықтаймын ағатай өзіңізді.
Әлі талай биіктерді бағындырар.
Тұлға ретінде көремін өзім сізді.

Орда бұзар жасқа аға келіпсіз.
Жаныңызға жақсыларды жиыпсыз.
Әр жыл сайын тойлансын туған күніңіз.
Бір әдемі аруды жар етіңіз.

Қалт жібермей әр бір жазған өлеңіңнен.
Оқып шабыт аламын мен өзіңнен.
Ащы шындық,астарлы ой,әзілі бар.
Нағыз ақын деп өзіңді білемін мен.

Мейрамбек аға туған күніңізбен жазар жырыңыз бітпесін ,жүз жасаңыз кішкене оқырманың Ерасыл.