Get Mystery Box with random crypto!

Бір кездері болған жазба айтыстан үзінді... Жырыммен жүректер | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Бір кездері болған жазба айтыстан үзінді...

Жырыммен жүректерге жаз ап келем.
Жаз жанарлы қыздарды қозғапты өлең.
Кешегі айтыстанда аман өттік.
Бүгіннен ертең ғажап болад деген.

Жыр жазғаны белгілі жарамды шын.
Түсіре алмас бұл маңда бағамды сын.
Ассалаумағалейкум қазылар мен.
Ғаламторда кезіккен Қарындасым!

Байлығы мол біздің ел Пахта Мұнай.
Тыныш елде Самғайды көкте Құмай.
Күн суытса ештеңе емес тыныш елге.
Сирияның суығынан сақта құдай.

Жазба айтыстың бұл күнде бағы ашыла.
Ақындарын жыйнады аласұра.
Қарындастың кезегін күттірмейін.
Ақ тілегін арнасын ағасына!

Патша атамыз келіп жұр селт етті ме?
Тəптəтті тілектермен тербетті ме?
Атам келді деп əлде "Атамандар"
Қарғаны аққу қылып көрсетті ме?

Жолды жауып халықтың іркіп бəрін.
Бұлбұл деп айтпақшы ма шымшықтарын.
Ата кетсе арқайын ашамыз деп,
Уақытша жамады ма жыртықтарын?

Ағыл-тегіл ақ күнді арман етем.
Заманның тақырыбы жалған екен.
Ауруын көп жасырып бір ағамыз.
Өлімін жасыра алмай қалған екен.

Аралым арда кеткен ақ сазаным.
Бұл енді бүгінгі күн басқа сарын.
Масқараның көкесін көрер едік.
Көп Көкеміз шешкенде маскаларын.

Өмірдің қатал ма еді заңы сондай.
Кері қайтқан керуенмін жолы болмай.
Біріміз келген күні біріміз жоқ.
Жазба айтыста жүрміз ау жолыға алмай.

О отаным бақ бердің ғұмыр бердің.
Сені сақтар мендағы шымыр ермін.
Биіктерде байрағы желбіресін.
Тыныштығы тұрақтап тұғырлы елдің.

Жолыға алмас желіде себептер бар не түрлі.
Сақындыққой қарындас өлеңіңді өтімді.
Кезіге алмай осылай жүреміз бе жарығым,
Бірін-бірі іздеген ай менен күн секілді...

16.11.2018
@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek