Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. 60 кило | Massaget TANYM

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. 60 кило салмақта бақ сынаған отандасымыз Елдос Сметов қола медаль еншіледі.

Елдос жартылай финалда жапон спортшысы Наохиса Такатоға жол беріп алды. Ал қола медаль үшін өткен белдесуде нидерланд дзюдошысы Торнике Чакадуаны жеңді.

Қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін түрік Аққұс Махширді, одан кейін Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джунды жеңген болатын.

Елдос екінші рет Олимпиада ойындарында жүлде алып отыр. 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс алған.