Get Mystery Box with random crypto!

Назарыңызға осы бір жұмбақ сезім туралы қызықты деректер ұсына | Massaget TANYM

Назарыңызға осы бір жұмбақ сезім туралы қызықты деректер ұсынамыз

- “МАХАББАТ” терминінің түп төркіні “LUBHYATI” сөзінен шыққанға ұқсайды. Ол “ҚАЛАУ” (ЖЕЛАНИЕ) деген мағынаға ие.

- НЕКЕ ЖҮЗІГІ шылдыр шүмек аталатын саусаққа тағылады. Грек ғалымдары мұның себебін осы саусақта жүрекке тіке баратын “махаббат қан тамыры” бар деп түсіндіреді.

- ӘЛЕМ БОЙЫНША орта есеппен алғанда жігіттер өзінен үш жас кіші қызға үйленеді.

- ОРТА СТАТИСТИКА бойынша адамдар үйленбес бұрын 7 рет ғашық болады.

- ҒАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІ бір жылдың шамасында өшеді екен. Дәл осындай уақытта ми махаббат сезімінің ләззатына тояды екен.

- ФИЛОФОБИЯ - сүюден не ғашық болудан қорқу.

- Біреуді жақсы көруді, қарнынның ашуы, ұйқы сияқты биологиялық қажеттілік деп санайды.

- Жай жағдайда кездескен жұпқа қарағанда, шытырман оқиғалы, қызық жағдаймен танысқан жұп арасындағы махаббат берік болады екен.

- СТАТИСТИКА бойынша ажырасатын жұптардың көбісі некесінің төртінші жылында осындай шешім шабылдайды екен.

- МАХАББАТЫ сезіне алмайтын жандар да бар. Олар гипопитуитаризм атты сирек кездесетін ауруға шалдыққан.