Get Mystery Box with random crypto!

Адам өмірін улаған дәрі 1954 жылы Chemie Grünenthal атты н | Massaget TANYM

Адам өмірін улаған дәрі

1954 жылы Chemie Grünenthal атты неміс фармацевтикалық компаниясы "талидомид" дәрісін өндіреді. Дәрі алғашында эпилептикалық ұстамалары бар адамдарға арналып шығарылды. Кейін оның тыныштандыратын қасиеті бары анықталып, ұйқысыздыққа қарсы қолдана басталды.

Препарат әлемнің 46 елінде сатыла бастады. Дәрі қолданысқа енген 1 жыл ішінде ауруханаларда туабітті ауытқушылықтармен дүниеге келген балалар саны күрт артты. Соның ішінде көп баланың аяқ-қолы дамымай қалған болатын.

Босанған әйелдердің ауру тарихын зерттей келе, олардың барлығы жүктіліктің алғашқы айларында талидомид препаратын пайдаланғаны белгілі болады.

1961 жылы Welt am Sonntag басылымында неміс профессоры Ленц пен аустралиялық дәрігер Макбрайдтың зерттеу жұмыстары жарияланып, дәрі туралы ащы шындық айтылады.

Бұл зерттеу жұмысы әлемдік дәрі-дәрмек лицензиялау жүйесін толықтай өзгертеді. Кез келген препаратты шығармас бұрын оның ұрықтың дамуына әсері тексерілуі міндеттелді.