Get Mystery Box with random crypto!

Бай адамдардың біртүрлі әдеттері #1 Алтын көйлек Несие бер | Massaget TANYM

Бай адамдардың біртүрлі әдеттері

#1 Алтын көйлек

Несие беру арқылы байыған үнділік миллионер Датта Фугенің алтынға деген ұлы махаббаты көпшілікке белгілі еді. 2013 жылы Фуге өзінің сүйікті металынан тапсырыс бойынша жейде тігіп, көпшілікті таң қалдырды. Салмағы 3,5 келі болатын алтын көйлек үндістандық байға 240 мың долларға түскен. Ол алтын көйлектен бөлек, сақина, төсбелгі, білезік және басқа да түрлі әшекей бұйымдарды таққанды жақсы көрген.

Фуге бала кезінен армандаған алтын оны бақытты ете алмады. 2016 жылы туған күнге шақырылған ол 12 адамнан таяқ жеп қайтыс болған.