Get Mystery Box with random crypto!

Сәләфтар заманында Ғуруә ибн Мұхаммед есімді кісі өмір сүрген. | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Сәләфтар заманында Ғуруә ибн Мұхаммед есімді кісі өмір сүрген. Бесінші әділеті халифа Омар ибн Абдулазиз тұсында Йемен қаласында әкім болады. Басшылық қабілетімен қатар мухаддис ретінде танылған.

Ғуруә ибн Мұхаммед Йемен қаласына алғаш әкім болып сайланған кезде өзімен бірге тек жалғыз түйесі бар болатын. Йеменге келген кезде қала халқына қарап:

«Уа, халайық! Міне, мен сендерге жалғыз түйемен келдім, бұдан басқа еш мүлкім жоқ. Егер кетер кезде бұдан бөлек дүниемен шықсам, демек мен – ҰРЫМЫН!»

Расында, Ғуруә Йеменде 20 жыл бойы әкім болады. Йеменнен кетіп бара жатқанда жанында қанжары мен Құран кітабы ғана болған екен...

@apendim