Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-05-01 21:22:45 ОРАЗА АЙТҚА ҚАТЫСТЫ ЖАЗБАЛАР ЖИЫНТЫҒЫ:

Ораза айт намазына қатысты білу керек БЕС НӘРСЕ

Айт күні мына сүннеттерге мән беріңіз

Әйелдердің айт намазына қатысуы міндетті ме
438 views18:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 07:36:34 Жаңа кітап

Рамазан айына орай “Мүфтият” баспасы ұсынған “Ораза жайлы 200 сұрақ” кітабын ұсынамыз.

Кітапшада Оразаға қатысты өзекті 200 сұрақ жинақталған.
5.0K views04:36
Ашу / Түсініктеме
2022-03-27 21:31:04 "Адамдар кітаптар сияқты. Әріптері бірдей. Бірақ мазмұндары әртүрлі".

Омар Хайям
7.6K views18:31
Ашу / Түсініктеме
2022-03-26 10:52:41 ОРАЗА ТУРАЛЫ БАРЛЫҚ АҚПАРАТ

ОРАЗА ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ
11.6K viewsedited  07:52
Ашу / Түсініктеме
2022-03-24 08:07:02 ХАНАФИ МАЗХАБЫНДАҒЫ КЕЙБІР КІТАПТАРДЫҢ АТАУЛАРЫ

«Әл-Асл» الأصل (негіз, түпнұсқа)

Ханафи мазхабында «әл-Асл» деп Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шайбанидің (х. 189 ж. қ.б.) «əл-Мабсут» кітабын атайды. Ибн Абидин (х. 1252 ж. қ.б.) «Расм уқуд әл-Муфти» жырында:
««Әл-Мабсут» бесеуінен бұрын жазылған, Сол себептен «әл-Асл» деп танылған», - деген.

«Әл-Усул» الأصول (негіздер)

Ханафи мазхабында «әл-Усул» деп «Захир әр-Риуая» деген атпен белгілі имам Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шайбанидің (х. 189 ж. қ.б.) кітаптары меңзеледі. Ибн Абидин (х. 1252 ж. қ.б.) «Расм уқуд әл-Муфти» жырында:
««Захир әр-Риуая» кітаптары алтау боп жеткен жəне олар «әл-Усул» деп аталып кеткен», - деген.
Кейде осы кітаптардағы мәселелерді де «әл-Усул» деп атайды.

«Әл-Китаб» الكتاب (кітап)

Ханафилер «әл-Китаб» десе, ханафи мазхабындағы әйгілі фиқх мәтіні «Мухтасар әл-Қудури» меңзеледі. Сондықтан да әл-Майдани (х. 1298 ж. қ.б.) оған жазған түсіндірмесін «əл-Лубаб фи шарх әл-Китаб» деп атаған.

«Кутуб захир әр-Риуая» كتب ظاهر الرواية (тізбегі күшті кітаптары)

Ханафи мазхабында «Кутуб захир әр-Риуая» деп сахих, мутауатир жолмен жеткен имам Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шайбанидің (х. 189 ж. қ.б.) кітаптарын атайды.

«Әл-Мабсут» المبسوط (кең, жазық)

Ханафи мазхабында «әл-Мабсут» деп аталатын бірнеше кітап бар. Егер жай ғана «әл-Мабут» десе, х. 490 ж. қ.б. Шамс әл-Аимма әс-Сарахсидің «әл-Мабсут» кітабы меңзеледі.

«Әл-Мутун әл-Арбаға» المتون الأربعة (төрт мәтін)

Ханафилер «әл-Мутун әл-Арбаға» деп ханафи мазхабындағы төмендегі маңызды төрт мәтінді атайды:

1) әл-Қудуридің (х. 428 ж. қ.б.) «Мухтасар әл-Қудури» кітабы
2) әл-Махбубидің (х. 673 ж. қ.б.) «Уиқая әр-Риуая» кітабы
3) ән-Насафидің (х. 710 ж. қ.б.) «Канз әд-Дақайқ» кітабы
4) әл-Маусилидің (х. 673 ж. қ.б.) «әл-Мухтар» немесе Ибн әс-Сағатидің (х. 694 ж. қ.б.) «Мажмағ әл-Бахрайн» кітабы.

«Әл-Мутун ә-Саласа» المتون الثلاثة (үш мәтін)

Ханафилер «әл-Мутун әс-Саласа» деп жоғарыдағы төрт мәтіннің алғашқы үшеуін атайды.

«Әл-Мухит» المحيط (мұхит)

Ханафи мазхабында «әл-Мухит» деп аталатын бірнеше кітап бар. Егер жай ғана «әл-Мухит» десе, Бурхануддин әл-Бухаридің (х. 616 ж. қ.б.) «әл-Мухит әл-Бурхани» кітабы меңзеледі. Радиуддин әс-Сарахсидің (х. 490 ж. қ.б.) «әл-Мухит» кітабының үлкен нұсқасы меңзеледі деген де көзқарас бар.

Кейде екеуін ажырату үшін біріншісін «әл-Мухит әл-Бурхани», екіншісін «әл-Мухит әс-Сарахси» немесе «әл-Мухит әр-Радауи» деп те атайды.

Дастан Құрманбаев ұстаздың парақшасынан

@maktubatkz
8.4K views05:07
Ашу / Түсініктеме
2022-03-09 08:16:02 «Үйімде үлкен кітапхана бар. Мінеки, өзіме қарама-қарсы қалыңдығы кереқарыс заң саласына арналған кітап тұр. Бұл кітапта заң да бар, ереже де бар, түрлі түсініктеме де, ақыл-кеңес те бар...

Неге бұл кітап соншалықты қалың? Заң саласына қалындығы керекарыс кітап керек пе? Елдегі жағдай бәрімізге белгілі...

Сөйтсем, елдің руханияты неғұрлым әлсіресе, көркем мінезінен ажырап мәдениетсіздікке бет бұрса, соғұрлым заң көбейе береді екен ғой…»

Ысмайыл Хекимоғлы (түрік жазушысы)

Кітаптың қалындығынан қайыр іздейтін заман-ай!

@maktubatkz
8.5K views05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-03-05 10:09:50 Əбу Асымның əкесі айтады: Мен өзімнің балам Əбу Абдулла əл-Қаса'идан жеткізгенін естідім:

«Басрада болған оқиға болған кезде менің кітаптарымның барлығы жоғалды жəне маған 50 000 хадисті ойша жазуыма тура келді.

Мен көкөніс дүкеніне келіп, соның шамының жарығында жазатынмын. Кейін шамның қожайынынан рұқсат сұрамағанымды түсіндім.

Кейін, теңізге барып, жазғанымның барлығын жуып кетірдім, ал кейін қайтадан жазып шықтым».

«Сиəр ə`лəм əн-Нубəлə», 13/430-439.

Басқаға қатысты адал болыңыз, өзіңіздің хақыңызда болмағанды тиесілі етіп алмаңыз жəне əрдайым жасап жатқаныңыз дұрыс па, жоқ па ойланыңыз...
9.2K views07:09
Ашу / Түсініктеме
2022-03-04 17:14:57
7.1K views14:14
Ашу / Түсініктеме
2022-03-04 17:14:57 Иршад қосымшасы іске қосылды

Irshad - ұстаздарымыздың дәрісі жарияланып отыратын ислами қосымша.

Егер бүгін қосымшаны жүктеп, 1 айлық подписка (990 тг) алсаңыз

Сізге дәрістермен қоса сыйлыққа 3 электронды кітап беріледі.

1. Ханафилерге арналған 40 хадис
2. Ғалым тәрбиелеген аналар
3. Пайғамбарымыз ﷺ қысқаша өмірбаяны

Сілтеме:
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.app.irshad
7.4K views14:14
Ашу / Түсініктеме