Get Mystery Box with random crypto!

Кешеден бері жекеме Хиджаб жайлы петицияның сілтемесі өте көп | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Кешеден бері жекеме Хиджаб жайлы петицияның сілтемесі өте көп кеп жатыр. Бірақ бұл сілтемені ешкімге таратпадым. Петицияға қол да қоймадым.

Себебі:

1) Бұл петицияның билік елеп-ескерердей ешқандай заңды күші жоқ. Яғни, петиция орналасқан сайт пен билік арасында өзара келісім қарастырылмаған

2) Петиция қоюдың формалды нұсқасы жоқ. Сайт логикасы рассылкаға негізделген. Қанша рассылка жібересің, соншалықты дауыс жиналады. Бұл тым арзан метод.

3) Сайтта фишинг-спам жарнамалар көп. Бұл сайттың осындай салмағы жоқ петициялар арқылы аудитория мен просмотр жинап отырғандығын байқатады.

4) Сайт домені қазақстандық емес. Демек, бұл сайтта миллиондап қол жинасақ та билік мойындауы екі талай. (1 пунктағыдай)

Дұрыс нәрсе жасау мен дұрыс нәрсені дұрыс жасау екі түрлі. Бізге дұрыс нәрсені дұрыс жолмен жасау керек.

Сондықтан, біздің қазіргі әрекеттеріміз аталмыш сайттың охватын көтеру мен фишинг жарнамаларына қармаққа түсуден әріге апармайды деп ойлаймын.

Айтпақшы, өткен жыл соңында Президент тапсырмасына орай елімізде “Онлайн петиция” жайлы заң қабылданатынын және соған сай “Е-петиция” онлайн платформасы құрылатыны айтылды. Бірақ оның іске қосылатыны әзірге белгісіз. Ал, ол платформа қаншалықты шынайы жұмыс жасайды, ол енді екінші мәселе. Заңға сәйкес, ең кемі 50 000 қолдау жинаған мәселе билікте қаралатыны айтылған. Мүмкін сол платформа ашылған кезде, жақсылап белсенуіміз керек шығар деп ойлаймын.

Бұл менің жеке пікірім, қателесуім де мүмкін, сондықтан келіспеуге толық хақыларыңыз бар

Сырым Эфэнді (зәууәжәһуллаһу бисәният)

@apendim