Get Mystery Box with random crypto!

Ашура әуелгі ізгілер үшін тек ораза тұтатын күн ғана емес, Алл | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Ашура әуелгі ізгілер үшін тек ораза тұтатын күн ғана емес, Алланың кеңшілігіі мен берекесіне қол жеткізетін шақ-тұғын.

Ислам ғұламалары әбу Һурайра, Жәбир ибн Абдуллаһ, Абдулла ибн Мәсғуд, әбу Сәйд әл-Қудри, Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһум) секілді бірнеше атақты сахабалардан төмендегі хадисті жеткізеді:

"Кімде-кім Ашура күні отбасына кеңшілік қылса, Алла Тағала оған жыл бойы кеңшілік жасайды"
(Шуғабул-иман, 3515; әт-Тарғиб, 2/115; әл-Истизкар, 10/140; Тәнзихуш-шариа, 2/158)

Хадисті жеткізушілер айтады: "біз бұған амал еткен едік, мұның шын екеніне куә болдық" (әл-Истизкар, 10/140)

Атақты табиғин Суфиян ибн Ғуяйна айтады: "Мен бұған 50 не 60 жыл амал еттім әрі әрдайым пайдасына қол жеткіздім" (Ләтәиф-мағариф, 113)

Ендеше, Ашура күні отбасыңызға сыйлық жасаңыз, түрлі тәттілер әкеліп, оларды қуанышқа бөлеңіздер. Ашура күнгі құлшылықтарымыз қабыл болғай!

@nekelim_kz