Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін демалдыңыздар ма? Жұмыста болдыңыздар ма? ⠀ Әр жерде әр | О, Идея 🙇

Бүгін демалдыңыздар ма? Жұмыста болдыңыздар ма?

Әр жерде әр түрлі. Бізде демалыс өз қолымызда. Қалаған уақытыңда шығасың. Үйде жатам десең де өзің білесің. Рахат қой. Фрилансерліктің пайдасы сол.

Оффлайн бизнес те тоқтамайды. Базар, дүкен жаппай онлайнға кетуі үшін тағы бір-екі ғасыр точно керек. Сондықтан смело армандап, ашуға талпына беріңіздер. Оның дамуына карантин кедергі емес. Өтірік әңгіме. Жасай алмаған адам не демейді. Бизнес стратегияны дұрыс құру керек.

Стикершоп дегенді естуіңіз бар ма? Иә, кәдімгі стикерлер. Жастар мен жасөспірім, балалардың «темасы». Онлайн да сатуға болады. Солар отыратын пабликтерге бір-екі жарнама салып жіберсең, бас-аяғы бір айда танымал боласың. Жастар қызақай. Бір-бірінен көргенін қайталайды. Мектеп жасындағы ағайын-туманың балаларына сыйла. Инстаграмың мен бутигіңе шақыр. Болды. Гүлге қонған араша айналып шықпайды. Арасында конкурс, акция ұйымдастыр. Салған ақшаңды 3-4 айда шығара аласың.

Стикерлерді қытайдан алдыртасың. Алиэкспрестен тапсырыс беруіңе болады.

Жасаймын деген адам сылтау айтпайды. Ақшаны да табады. Ретін де келтіреді. Солай емес пе?

Шаршаңқырап отырмын. Көңілімді көтеріп, жаза кетіңіздерші. Коммент күтемін .
#Оффлайн #Онлайн #бизнес_идея