Get Mystery Box with random crypto!

Қызық екен ⠀ Алдымен, сіздерге көөп рақмет. Ойларыңызбен бөлі | О, Идея 🙇

Қызық екен

Алдымен, сіздерге көөп рақмет. Ойларыңызбен бөліскендеріңізге.

Жақынырақ отырыңыздар. Ерекше #бизнес_идеямен бөліскім келіп барады. Шыдай алар емеспін.

Ресейде бір кәсіпкер өзгеше кофейня ашыпты.«Dog House» пёсокафе — иткафе. (Қазақшасы келмей қалды.) Қысқаша айтып берейін.

Қаланың қақ ортасынан ашқан екен. Ішінде екі зал бар. Бірінде қонақтар, екіншісінде иттер. Арнайы приюттан әкеледі. Төртаяқты адамның досы — осы жердің тұрғыны. Жан-жануарларды жақсы көретіндер көп келетін көрінеді. Тек шәй, кофе ішуге болады. Санитарлық нормаға сай асүй жасауға рұқсат бермепті. Соның өзінде келушілер саны аз емес. Иттерді жуындырып, тамақтандырады. Тамақты келушілер де әкеледі, жан-жақтағы қолдаушылар да онлайн беріп жіберетін көрінеді.

Итті ерекше ұнататындар олармен бірге отырып кітап оқып, бірге ойнауына мүмкіндік жасалған. Итке жақындау үшін қолыңды жуып, антисептикпен тазалану — міндетті.

Кәсіпкердің айтуынша, ашуға 500 000 рубль теңгемен 2 500 000 шамасында кеткен. 3-5 айда шығынды қайтарып үлгерген.

Идеясы ұнады. Қалада үйде ит ұстай алмайтындарға жақсы секілді. Кейін асырап алуға да болады.

Осындай жерлер бар ма? Естімеппін. Сіздер қалай ойлайсыздар? Бізде бұл бизнес жүрер ме екен?
#бизнес_идея
#Онлайн
#Оффлайн