Get Mystery Box with random crypto!

Есептей аласыз ба? Математикамен байланысыңыз қандай? Бұры | О, Идея 🙇

Есептей аласыз ба?

Математикамен байланысыңыз қандай?

Бұрын ағайымыз «есеп білмеген есек» деп ұрысушы еді. Рас-ау. Кез келгенге жем боламыз.

Әңгіме мынадай. Сіз өз бағаңызды білесіз бе? Иә, кәдімгі бір сағатыңыз қанша тұрады? Уақыт ақшамен өлшенеді екен. Мән бермейміз. Дәрігердің 15 минуты 4000-6000 теңге. Адвокат, психолог дегендер де өз бағасын қойып тастаған. Біз де өзіміздің құнымызды есептейік.

Былай. Айлығыңызды жұмыс күніне бөліп, әр күнді сағатқа көбейтесіз. Бір айлықты сағат санына бөліңіз. Болды. Түк қиын емес. Сонда уақытыңыздың қанша екенін білесіз.

Ол неге керек? Жеке іс бастасаңыз соның бағасын шығаруға. Қанша сағат жұмсадыңыз сонша теңге. Осыны білгелі құнды екенімді түсіндім. Қызметімді қымбаттатып жатырмын.

Есептедіңіз бе? Бір сағатыңыз қанша?
#бизнес_идея #telegram