Get Mystery Box with random crypto!

карантин ⠀ Тағы ма? ⠀ Алматы мен Нұр-сұлтанды жауып тастады. Б | О, Идея 🙇

карантин

Тағы ма?

Алматы мен Нұр-сұлтанды жауып тастады. Басқа үш облыс сары аймақта. Жұрт ауру құтырып барады деп шулап жатыр. Енді не болмақ? Ақшасыз үйде отыруға дайынсыз ба?

Соңғы бір жылдан бері әлем үдере көшіп интернетке келді. Виртуальный өмір баурап алды. Біреуге уақыт өткізу құралы, екіншіге табыс көзі. Бар жоғы бір-ақ жылда жаһандық өзгеріс. Көз алдыңызға елестетіңізші, Антарктидадағы мұз үйіңіздің қасына келсе, жата бересіз бе? Суға кетесіз. Тырбыну керек. Әйтеуір, бірдеңе жасап қалсаң да. Жастығыңды алып өлуге тиіссің ғой. Сол секілді, жаппай жұмыссыздық алқымға келді.

Пандемияның біткенін күтіп жүргенде күнің өтіп кетеді. Босқа телефон ақтарғанша, курс оқы. Жаңа мамандықтарды үйрен. Қолымнан келмейді деген сылтау. Мен жасағанды сен де жасайсың. Гуглды аш. Онлайн қызметтердің тізімін ал. Ютубқа бір-бірлеп жазып не екенін, қалай жұмыс істеуге болатынын біл. Бірге бір қайталап жасап көр. Ең құрығанда терминдеріне құлағың үйренеді. Инстаграмда да тегін білім толып тұр. Қорықпай, жасай бер. Іздеген жетер мұратқа. Бір жылдан соң мынауский маман боласың.

Айтушылар, 2023 жылға дейін осылай тышқан мысық ойнап жүреміз деп жатыр. Алла сақтасын. Әркім өзін қаржылай сақтауға тырысқаны жақсы.

Бізден ескерту. Арғы жағын өзіңіз білесіз.
#бірнәрсеістеукерегеді