Get Mystery Box with random crypto!

Құлпынай өсіру көп шығын қажет етпейді. Шын пайда тапқың келсе | О, Идея 🙇

Құлпынай өсіру көп шығын қажет етпейді. Шын пайда тапқың келсе, еңбек етуге тура келеді. Тер төкпей, табыс болмайды. Әрине өз қалауыңыз ғой.

Осы жолы тағы бір кәсіп түрі, үй гүлдерін өсіру туралы айта кетейік. Бұдан да пайда табуға болады. Отростоктар алып, өсіріп сатуға болады. Офистерде, мектептерде гүл көп. Мысалы, үлкендері 5000-6000 теңге, кішкентайлары 1500 теңгеден. Бүгінгі күні олхте гүл сатамын деуші жарнама көп.

Бағасы да әртүрлі. Отростокты да 200 теңгеден бастап сатуға болады. Қазір сұраныста доллоровый, женское счастье, алоэ. Гибискус роза секілді бұталы гүлдер 10 000 теңгеге өтеді. Бірден пайда тапқың келсе, таныстарыңды аралап шығуың керек. Кейде гүлдері көбейіп кетсе, тастай салатындар болады. Сондай дайындарын жинап сатсаң болады. Ал, кішкенеден бағып өсірем десең, оларды күтіп-баптауға дайын бол. Олар әрі үйдің сәні, әрі табыс көзі.

Солай қалаған адам кез келген нәрсені ақшаға айналдыра алады. Ниет болса болғаны.

Арамызда мұндай кәсіппен айналысатындар бар ма? Қандай гүл жақсы өтетінін нақтылап кетіңіздерші.
#бизнес_идея #Оффлайн #НаДому