Get Mystery Box with random crypto!

Жаратылысымыздан жалқаумыз. Келіскілеріңіз келмейді. Бір жерде | О, Идея 🙇

Жаратылысымыздан жалқаумыз. Келіскілеріңіз келмейді. Бір жерден алтын шығыпты десек жүгіреміз. Ал, анда жұмыс бар екен десе, онның бірі ғана барады.

Бір жылдан бері осы каналда кәсіп, бизнес тақырыбына жазылған пост, берілген ақпарат жетеді. Бір жақты болмайық деп ізденіп, қолымыздан келгенше мәлімет жинап жүрміз. Соны қарап ары қарай дамытар деген ниет. Әй, әттең, қалай іске асырам дегеннен гөрі, «мынауың дұрыс емес қой», «білмесең жазба»,«мұнда сөйлегенше мінберге шық» деп қайдағы әңгімелер айтып кетесіздер. Сауалнама жасап, нәтижесін көрсек, сұмдық. Қойылатыны бір сұрақ.
Трендтегі тізесі шыққаны «кәсіпті неден бастаймын?»

Бизнес керек пе, ақшамен дос болғың келе ме? Гугл әпкетай, ютуб ағатай, инстаграм, фейсбук, вк, твиттер, тик-ток деген неше түрлі платформаға сол сұрақты қойып шық. Миллиондаған жауап шығады. Тоқтамастан бір ай ізде. Екінші айда миың шаршап, өзі тауып береді.

Простой формуланы жасап үйренейікші. Жауапкершілікті өз қолдарыңызға алыңыздар. Біреудің мойнына арта салмай.

Осы жерге сіздер де бірдеңе жаза кетіңіздер.
#ұйқысырапжазылғанпост