Get Mystery Box with random crypto!

Келдім ⠀ Жоғалып кеттің деп іздемейсіздер еее! Бүгін күлкі кү | О, Идея 🙇

Келдім

Жоғалып кеттің деп іздемейсіздер еее! Бүгін күлкі күні екен, орыстар «день дураков» деп жатыр. Алданып не біреуді алдап көрдіңіздер ме? Өзім осы күнді түсіне алмадым. Эмоцияны ысырып қойып іске кірісейік.

Көктем келді. Сәуір тумай тәуір болмас деген. Күннің қызуы да күшейіпті. Оңтүстікте өсімдіктер гүлдеп жатқан болар. Батыс, солтүстік, шығыс жақтарда әлі қар да ерімеді. Биыл егіс егу кешеуілдейтін шығар. Көппен көрген ұлы той. Көрерміз.

Клубника кәсібі туралы жазғым келіп отыр. Өзім өткен жылдан бері қызығып, көбірек ақпарат жинаған едім. Рассада отырғызып, сатсаң да болады. Өзің көбейтіп, өнімін сату да пайдалы екен. Көп күтімді қажет етпейтін, тез көбейетін өсімдік. Дәмі тіл үйірер жидек кез келгеннің сүйікті асы. Бағасы да әжептәуір. Биылғы жылы аулаға егіп көбейт п алсаң, қысқа қарай әдемілеп шағын теплица жасайсың. Қысы-жазы урожай. Тек түрлерін таңдай білсең болды.

Альбион, короева Елизавета2, искушение сорттары 2 рет түйнектейді.

Кимберли, зефир, кама, клери, альба сорттары ерте түйнек беретіні.

Машенька, виктория, маршалла, зенга зенгана, максим, гигантелла сорттары үлкен жидектілері.

Қазірден жеріңді дайындап, отырғыз. Ары кетсе 1.5-2 айда құлпынай жеееп отырасың.

Алысқа шаппай айналаңа сат. Ағайын-туманың өзі талап алады. Көрші-қолаң да таңсық асқа үйір. Тәп-тәуір бизнес жасауға болады.

Әрекетке берекет.

Арамызда құлпынаймен айналысатындар бар ма? Біз білмейтін құпияларын айтыңыздаршы. Біле отырайық.
#Оффлайн #бизнес_идея