Get Mystery Box with random crypto!

Мына 5-еуіне қараңыздаршы ⠀ Қызық дүние оқыдым. Тезірек осында | О, Идея 🙇

Мына 5-еуіне қараңыздаршы

Қызық дүние оқыдым. Тезірек осында бөліскім келді. Сіздерге бағыт, шабыт беру үшін түрлі сайттарды ақтарамын. Әрі өзімнің мамандығым болғандықтан материалдар жинап жүремін. Сөйтіп адасып жолсызда Мәскеудің жаңалығына түсіп кеттім. Олар осы жылға жаңа кәсіп түрлерін тізіп қойған екен.

Ойға келмейтін, мән бермейтін дүние.

1. Ескі-құсқы заттар дүкені. Сонау атаң мен әжеңнен қалған киімдер, құрал-саймандар, ыдыстар, кітаптар. Кейде тегін алып, қымбатқа сатқан. Көне ыдысты 100 рубльге қойса, эксперттер 3000 евро ұсынған. Қасықтан жиһазға дейін бар екен.

2. Бау бақшаны әрлеуге фигуралар. Подмосковьелік жігіт шиномонтаждағы істен шыққан шиналарды алып, ландшаф жасап жүреді. Таныстары қызыққасын сатсам қалай болар екен деп ұсынып көреді. Алғашқы жұмысына 5000 рубль ұсынады. Осы кәсіпті дөңгелентіп отыр.

3. Гүлге арналған квартира (приют). Демалысқа кеткенде үй гүлдерін алып қалады. Әр гүлдің сақтау мерзімі мен күтуіне қарай ақшасын алады.

4. Онлайн фотосессия. Қазір осы кәсіп біздің елімізде де жақсы көтеріліп келеді. Клиентке орынды таңдап бересің де экранның ар жағынан түсіре бересіз. Ақысын аласыз.

5. Комната стресса. Ол былай, бөлмеге кіріп, ұрып, қиратып, бүлдіріп, жыртуға, айқайлауға болады. Бар ашуыңды айналадағы заттардан аласың. Ашуың басылғасын спокойно үйіңе қайтасың. Бағасы бөлмеде болған уақытыңа байланысты. Ешкім тұрмайтын жаман үйлерге жасап қойса. Босқа тұрмай ақша түсірсін.

Осындай ойға келмейтін дүниелерден ақша тауып жатыр. Қалауын тапсаң, қар жанар деген осы. Біз әлі отырмыз. Басқалар ауадан ақша жасап жатыр.