Get Mystery Box with random crypto!

Мектеп бітірерде жапатармағай мамандық таңдау басталады 20 ғас | О, Идея 🙇

Мектеп бітірерде жапатармағай мамандық таңдау басталады 20 ғасыр жұмысшылар уақыты еді. Дәрігер мен мұғалім крутой болатын. Кейін заңгер, экономист, бухгалтер хит болды. Табақтай дипломды иеленіп, шырт түкіріп жүретін. Уақыт өте келе, оның да сәні кетті. 50 жылда ел жаңа.

Соңғы 10жылдықта кәсіп көбейді. Қайсысының құлағын ұстарға білмей далмыз. Косманавт болуды армандағандар бизнеске лап етті. Шытырлатып ақша санау модаға айналды. Ақша көздің де, көңілдің де құрты. Жатсақ та, тұрсақ та бір тиынымыз екі тиынға айналса деп қиядлдауды шығардық. Кешегі адам емдеп, сабақ беріп жүргендер бизнесмен, коуч-тренер, смм, маркетолог т.б. болып кетті.

21 ғасырға бойлап кірген сайын кей мамандықтар жойылып, жаңалары шығып жатыр. Кейбірінің нендей қызмет ететінін де түсінбейміз. Тьютор, ментор, супервайзер, коучер дегендерің не істейтінін он адамның біреуі ғана біледі.

Заманның асқан жылдамдықпен дамуы, ерекше мамандарға ұсыныс жасауда.

Алдағы уақытта осы жерде мамандықтарға талдау жасап, өз идеяларымызды ұсынбақпыз. Бірге білейік. Көппен көрген ұлы той. Білгенімізбен бөлісіп, білмегенімізді Сіздерден үйренейік. Қолдап отырыңыздар.

Айтпақшы, интервьюер деген кім? Естігендеріңіз бар ма?
#о_идея