Get Mystery Box with random crypto!

Ара шаруашылығы және Марғұлан Сейсембай Дмитрий Гордонның Мар | О, Идея 🙇

Ара шаруашылығы және Марғұлан Сейсембай

Дмитрий Гордонның Марғұлан Сейсембайдан алған сұхбатын көріп отырмын. Марғұлан ағаның кез-келген сөзін көшіріп алып, кітап қылып шығаруға болады ғой шіркін. Білмейтіні жоқ шығар дейсің.

Илон Маск, Билл Гейтс демей, өзіміздің Марғұлан Сейсембайдан үлгі алсақ та болады ғой. Біріншіден, ол қазақ, қазақша сөйлейді. Екіншіден, ол біздің менталитетке сай кеңестер ғана айтады. Батыстың байларының білгенін бұл кісі де біледі. Қарапайым ауылдан шығып миллиардер болған адам.

Жә, Марғұлан ағаның өмірін көбіңіз білесіздер. Білмегендер интернеттен оқып алар.

Сұхбатқа оралайық.
Марғұлан Сейсембайдың әкесі агроном болған. Құр жатпайтын, энергияға толы кісі еді дейді. 61 жасында Киев Университетіне оқуға түскен ғой. Сенбей тұрған шығарсыз. Бұлай жасауының себебі партия ара бағуға рұқсат бермей қойған. Сәйкес дипломың жоқ, бұл өңірде бал алатын гүлдер өспейді деп.

2 жыл ішінде осы 2 мәселені шешіп, ақыры ара шаруашылығын бастаған. Не деген табандылық десеңізші. 60-тан асқан шақта адам зейнетке шығуы керек емес пе?!

Бұл осы сұхбаттың 1 ғана әңгімесі. Сондықтан барлығыңызға осы сұхбатты көруге кеңес беремін.