Get Mystery Box with random crypto!

Депті Форбс.кз сайты. Қазақшаласақ Z-ұрпағы бола ма? Солар рев | О, Идея 🙇

Депті Форбс.кз сайты. Қазақшаласақ Z-ұрпағы бола ма? Солар революция жасайды дейді жақын арады. Алкоголь, ет, автокөлік, туризм сияқты салалар зардап шегуі ықтимал. Ал онлайн-сауда, люкс тауарлар, медиаиндустрия және ESG-инвестиция(не екенін мен де білмеймін) сияқты салалар дами түспек.

«Z-ұрпағының революциясы басталып келеді. Онлайн-әлемде дүниеге келген алғашқы ұрпақ жұмыс күшінің бір бөлігі атануда. Және ескі жұмыс күшін өз заңдарына бағындыруда.» — депті сарапшылар. Әмерика банкінің есебі бойынша, Z-ұрпағы миллениалдарды 2031 жылға қарай толық басып озады.

#өзойым

Бұл жаңалықтың көбіне батысқа қатысы бар екені айдан анық. Біздің жаққа, өзіміз сияқты, не келсе де кешігіп келеді ғой. Сондықтан бізде Z-ұрпағы деп меніңше 2000 жылдан бері қарайғылар саналуы тиіс.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Бұл революция біздің елге қандай да бір әсерін тигізе ме? Әлде қалай? Ойыңызды төменге жаза кетіңіз