Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінде бәріміз бизнес жасап, байып кетсек дейміз. Әрине, арма | О, Идея 🙇

Бүгінде бәріміз бизнес жасап, байып кетсек дейміз. Әрине, армандаған дұрыс. Ал сол баю жолы неде екенін білеміз бе?

Кеше жаңа мамандықтар туралы әңгімелеген едік. Бүгін 21 ғасырда ерекше сұранысқа ие болған, алда үлкен резонанс тудыратын мамандықтар туралы сөз қозғамақшымыз.

Көш бастап тұрған мұғалім мен дәрігер. Әсіресе, пандемия осы екі мамандыққа сұранысты арттырып жіберді. Қанша жерден робот басқарады деп шалқайсақ та, адамның орнын баса алмайтыны белгілі болды.

Екінші орынды ІТ мамандары иемденді. Егер сіз компьютер құлағында ойнасаңыз;
Код арқылы программа жасай білсеңіз. Құттықтаймын. Сіздің дәуреніңіз.

Ары қарай, сезіп отырған шығарсыздар, СММ. Оның өзі қазір бінеше салаға бөлініп кетті. Контент-менеджер, веп-дизайнер, сторизмейкер, копирайтер, таргетолог, инста-админ секілді мамандықтарды игеріп, үйде отырып, шыртылдатып ақша санайсыз. Таңнан дірдектеп офиске бармайсыз, диванда жатып-ақ жасай бересіз.

Дизайнерлер, веп-сайт құрастырушылар, маркетолог, бухгалтер, ветеринар, тігінші, шопыр секілді елге қажетті кәсіпті қолға алсаңыз да жаңылмайсыз.

Бұған дейін болған қызметтер. Тек қорапшаның ішіне тығып алып жасап отырғандай сезінемін. Қызметі сол, атауы басқа.

Бұл бір бөлігі ғана. Қолымнан келмейді деп паника шығармай тұра тұрыңыз. Алда қызмет түрлеріне шолу жасаймыз. Бағыт беріп, білгенімізбен бөлісеміз.
Бізбен бірге болыңыздар.

Аа. Ұмытып барамын, сіз қандай мамандық иесісіз?

#о_идея
#мамандық
#қызмет