Get Mystery Box with random crypto!

Әжеміз – діндар адам. Ертелі-кеш аузынан 'Алласын' тастамайды. | Кітап үзіндісі

Әжеміз – діндар адам. Ертелі-кеш аузынан "Алласын" тастамайды. Бес уақыт намаз оқиды, ең соңында ылғи күбірлей сөйлеп: "Е, Жаратқан, ондағысына онда, мұндағысына мұнда бір Өзің медет бола көр", – деп қоятын. Онан соң жапырлай қарап тұрған бізге: "О, жаман түгелер, қане, алақандарыңды жайып көкемізді (яғни әкелерін айтып отыр) аман қыла көр деп тілеу тілеңдер", – деп бұйыратын. Біз жапатармағай қолымызды жайып: "Көкемді аман қыла көр! Көкемді аман қыла көр!" – деп әлденеше рет қайталап тілеу тілейтінбіз...

Сайын Мұратбеков "Жабайы алма"

@kitapuzindisi