Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 15

2022-06-22 10:49:51
Құртқа төмендегі қай батырдың жары?
Anonymous Quiz
24%
Ер Тарғын
9%
Баян батыр
20%
Алпамыс батыр
47%
Қобыланды батыр
488 voters917 views07:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 10:48:37
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінде Қожа мен Жанар қай ойыннан соң ұрсып қалады?
Anonymous Quiz
23%
тоғызқұмалақ
30%
шахмат
41%
дойбы
7%
нарды
507 voters921 views07:48
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 10:46:06
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы Ақбілек кімге тұрмысқа шығады?
Anonymous Quiz
28%
Балташқа
29%
Мұқашқа
20%
Офицер жігітке
23%
Бекболатқа
467 voters953 views07:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 10:45:06
Қалқамен мен Мамыр не себепті қосылмайды?
Anonymous Quiz
29%
Екеуінің туыстары бір-біріне жау болғандықтан
47%
Екеуі бір рудан болғаны себепті
13%
Қалқаманды Қодар өлтіріп кеткендіктен
11%
Мамырды 80-дегі азаматқа тұрмысқа бергендіктен
468 voters960 views07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 10:00:36 Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Найзаменен түртсе де,
Жатырсын,қазақ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге,ой,Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
Халыққа,жастар,басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?

Міржақып Дулатов "Оян, қазақ!"

@kitapuzindisi
1.1K views07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 09:31:06 Әкем соғыстағы күндерін еске алғанда жараланып жатып, жігіттермен, медбикелермен әзілдесіп жататынбыз деуші еді. Ол – соғыс. Ондағы бір-ақ мақсат – жауды жеңу. Қазір бейбітшілік. Біздегі бір-ақ мақсат – денсаулықты күтіп‚ жақсы өмір сүру.

Қуандық Түменбай "Түрмедегі торғай"

@kitapuzindisi
1.0K views06:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 09:10:01 - соған қарамастан, бұдан қашып құтылар жол жоқ болса, төзімді болу сенің парызың. Тағдыр маңдайыма жазғанға төзбеймін деген сөз, әлсіздік пен ақымақтықты білдіреді

«Джейн Эйр» кітабынан үзінді

@kitapuzindisi
1.0K views06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 09:01:36 Сіз Абайды білем деп ойлайсыз. Әнін шырқап, өлеңін жаттап жүрген соң. Білмейсіз. Кеше де, бүгін де білген емессіз. Білемін деп талай жерде көкірек кергенсіз. Анығында, ол — өзіңізді-өзіңіз әшкерелеу. Ең жаманы, ұяларға тиіс етте сезім, бетте қызыл жоқ. Бұл —жаман ауру, жарамсыз қылық. Жаман ауру — жарақты жаудан да жаман!

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

@kitapuzindisi
1.1K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 08:30:31 Тіпті бұл да емес айтайын дегенім. Көзі барлардың менмендігі, менсінбей қарайтындығы, басынғысы — бас салғысы келіп тұратындығы. Олар бізді мүгедек деп мүсіркейді, ал біз оларды... тән мүгедектігінен жан мүгедектігі әлдеқайда сорлы екенін ұқсашы, шіркіндер.

Оралхан Бөкей "Жылымық"

@kitapuzindisi
1.1K views05:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 08:01:20 Әуелі адамша өмір сүру керек. Махаббат жол-жөнекей бола жатар...

Мұқағали Мақатаев "Қош, махаббат"

@kitapuzindisi
1.2K views05:01
Ашу / Түсініктеме