Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 14

2022-06-23 07:36:26 Адам итті неге жақсы көреді?...

Ит адамға неге соншалықты берілген?..

Мүмкін болмыстарында үндестік бар ма екен?..

Сұрақтарымызға жауап іздеп көрелік... Адамдар — итті жақсы көреміз деп ойлайды. Бірақ өздері мойындағандай дәрежеде жақсы көрмейтін болар. Олай болған жағдайда адам "ит" дегенге арланбас еді... Ал иттің адамға сенімді серік болуының себебі оның адамға тәуелділігінде де, сүйіспеншілігінде де емес секілді. Ас құйғанның бәрі адамға табына кетер болса, асыранды қасқыр орманға қарап ұлымас еді... Асылы, үшінші сұрағымыздың күмәнінен үш сұрақтың да жауабы табылып қалар деп ойлаймыз...

Ит байғұстың адамға сонша берілуі оның саналылығынан емес, жаратылысынан. Ит адамды жақынсырап жақсы көрмейді. Тәңірдің, Жаратылыстың, бір сөзбен айтқанда Алланың бұйрығымен істейді...

— Ал адам пақырдікі не?..

Адамдікі басқалау. Адам саналы жаратылыс. Ол өз ақылымен ойлап, тіпті туған ұлын да бірде жақсы, бірде жаман көре алады. Бұлардың — өр кеуделісінен гөрі жер кеуделісін жақсырақ көруі, кемеңгеріне деген сүйіспеншілік сезімінен төмендеріне деген аяушылық сезімінің басым жатуы — ойлануға тұрарлық нәрсе. Адамға өзінен ақылдыдан гөрі өзіне бағынышты жан қадірлірек... Барлық биліктілердің өз қастарына ыңғайына көнгіштерді жинайтын қасиетінің астары да осы жерде жатқан секілді. Адам өзіне жұғымдыға құмар-ақ. Құйрығын бұлаңдата мүләйімсіп тұрған ит пен жағымпаз адамның арасынан айырма таба аласыз ба?.. Иттердің — өзі тұқымдас итті өшіге талайтын қасиеті адам аттылардың да төл мінезі...

Демек біздердің достығымыз бен сүйіспеншілігіміздің астарында, иттегі жаратылыс берген қасиет пен адамның өзгенің өзіне бағыныштылығын көргісі келетін өзімшілдігі жатырған секілді...

Сайын Назарбекұлы "Ит мінезділер"

@kitapuzindisi
646 viewsedited  04:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 07:02:14 ─ Аурумын, аурумын, – дейді, майдан жарылғалы тұр ғой хозяйкаңыз, аға.

─ Ауыратыны рас.

─ Ойнап айтып тұрсыз, аға. Қандай ауру?

─ Қулық деген ауру. Естіп пе едің ондай дертті? Хе-хе...

─ Ә, бәсе.

Мұқан Иманжанов "Көк белес"

@kitapuzindisi
691 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 19:06:54 Бекен өзгелерден бұрынырақ үй жанына жақындай бергенде, өз көзіне сенер-сенбесін білмей, сілейіп тұрып қалды. Бір топ әйелдердің ортасында бота көздері отсыз мөлдіреп жасқа толған, құп-қу өңінен тіршілік белгісі сезілмей Шынар тұр еді. Өлі де, тірі де емес, құр сүлдері ғана.
– Жаным-ау, Шынаржан-ау, саған не болып еді?
Бекен осыны айтып үлгергенше, мұның құшағына тығылып, даусын шығаруға шамасы келмей, үнсіз егіліп талықсыған Шынарды көрді. Басына бос бүркеген үлкен қоңыр шарқат сусып жерге түсе беріп еді. Қыздың беліне түскен қос бұрымды шашы түп-түгел аппақ селеудей қуарып кеткен екен.
– Құдай-ау, мұндайды кім көрген! – деген әлдекімнің өксік аралас даусы қаумалап тұрғандардың жылаулы үніне көміліп қалды...

Фариза Оңғарсынова. Шашы ағарған қыз.

@kitapuzindisi
645 viewsedited  16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 16:39:33 Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,
Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.
Сияқты қара қарға шуылдаған
Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.
Білмейсің жөнің менен терісіңді,
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Үміт қып бәйге атындай талай қосып,
Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.
Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығасың қолыңа ала керісіңді.
Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде,
Көрдік қой жайылатын өрісіңді.
Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!

А. Байтұрсынұлы. Жұртыма.
833 viewsedited  13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 11:14:28
Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романындағы Ербол мен Меңтай Алматыдағы қай оқу орнында оқыды?
Anonymous Quiz
48%
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
19%
Ербол Қ.И. Сәтбаев атындағы университетте, Меңтай қыздар педагогикалық университетінде
27%
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде
6%
Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық университетінде
630 voters1.2K views08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 11:06:54
"Бесік құда" салты қай жырда кездеседі?
Anonymous Quiz
18%
Қыз Жібек
17%
Еңлік пен Кебек
18%
Қалқамен мен Мамыр
46%
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу
471 voters1.1K views08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 11:02:00
Мына әйелдердің қайсы сүйгеніне сезімін бірінші болып айтады?
Anonymous Quiz
32%
Назым Қамбар Батырға
21%
Баян Сұлу Қозы Көрпешке
17%
Жібек Төлегенге
31%
Құралай Баян батырға
476 voters1.0K views08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 10:57:06
Төмендегі ғашықтардың қайсы некесіз балалы болады?
Anonymous Quiz
39%
Қалқаман мен Мамыр
45%
Еңлік пен Кебек
6%
Төлеген мен Жібек
9%
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу
509 voters1.0K views07:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 10:54:26
Мұхтар Шахановтың "Ғашықтың ғаламаты" поэмасындағы Қорланға "Қорлан" әнін арнаған жігіт кім?
Anonymous Quiz
4%
Абай
14%
Мұса
19%
Мағауи
63%
Естай
488 voters919 views07:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 10:51:36
Абай Құнанбайұлы Шәкәрім Құдайбердіұлына қай қос ғашық туралы дастан жазуға кеңес береді?
Anonymous Quiz
47%
Еңлік пен Кебек
26%
Ләйлі мен Мәжнүн
2%
Нартайлақ пен Айсұлу
25%
Қалқаман мен Мамыр
502 voters898 views07:51
Ашу / Түсініктеме