Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 16

2022-06-22 07:30:14 "Сен осы мінезіңді қоймадың-ау, гәп заттың құнында емес, адамның көңілінде", – деді шешемізге қарап.
Адамның көңілі... Көкемнің бұл сөзі мені сол күні әжептәуір ойландырған еді...

Қаржаубай Омарұлы "Әке"

@kitapuzindisi
1.2K views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 07:01:30 Экзистенция философиясы бойынша Бақыт деген — ғайыптан келген хикметтің сәулесін интуициямен қағып түскен сәттегі тұла бойды билеп әкететін уақытша көңіл-күй. Мағыналы бір істі сәтімен шешкен кезде, ми арқылы бойға тарайтын рақат сезімі. Сондықтан Бақыт жеке объект ретінде жоқ. Иллюзияға алдану содан шыққан. "Бақытты бір рет ұстап алып, есігімнің алдына мәңгілікке байлап қоямын" деген бос дәмемен көбі алданып қалады. Бақытты сезінгісі келген адам күн сайын, минут сайын ситуациямен қорықпай жекпе-жек шығуы керек. Қиындықты жеңіп, Мәнді игерген сайын бақытты сезім тұла бойды өзінен-өзі бойлап алады. Бақытты болуға ең басты кедергі — "бақытты болсам" деген арман. Яғни сағым қуалап, бүкіл өмірін зая кетіреді.
Бақытты болу — ырықсыз эффектінің нәтижесі. Яғни көбелек сияқты. Көбелекке мән бермесең, мұрныңның ұшына өзі кеп қонады. Қуаласаң ұстатпайды. Бақыт құсы Құт пен Береке боп шаңыраққа дару үшін ғаламдық маңызы бар, бұл дүниенің ішіне сыймайтын трансцендентті армандарға құлаш ұруға тура келеді.

Сейілбек Мырзабай "Балалықтан даналыққа"

@kitapuzindisi
1.3K views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 09:56:55 Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.

Мағжан Жұмабаев. Мен жастарға сенемін.
748 views06:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 07:00:40 Бал-бұл жанып, қуана жайнап тұрған Меңтайдың жүзі маған бұрынғысынан да сұлу, сүйкімді көрінді. Егер жұрттың бəрінде бірдей менің көзім мен жүрегім болса, онда Меңтайды бар студент, бүкіл ғалам жер үстіндегі ен сұлу, ең ақылды қыз осы ғана деп бағалар еді-ау, шіркін! Дариға-ай, дүниенің тұтқасы қолымда болса, бар жақсылықты осы қызға жасап, бар бақытты осының басына үйіп қояр едім мен. Бірақ кедей студент менің қолымнан махаббат пен тұрақтылықтан басқа не келеді десеңші.

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"

@kitapuzindisi
1.0K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 07:00:40 Бір еркекке бір әйел жетеді. Егер көп әйел алуға жол берілсе, Қазақстан қазақ елі емес, бұқа-текелер, айғырлар мен қошқарлар еліне айналады. Көп әйел алу әйелді қорлау, махаббатты аяққа таптау, адамгершіліктен ажырау.

Әзілхан Нұршайықов "Мәңгілік махаббат жыры"

@kitapuzindisi
989 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 07:00:40 Жұрт саған: "жылама!" дер. Жұрт саған: "берік бол!" дер. "Жылама!" деп айту оңай, жыламау қиын. "Берік бол!" деп айту оңай, берік болу қиын. Дәрігерлер: "Қыстыққанда жылап алған жөн" дейді. Мені сағынғанда оңашада отырып жылап ал. Бірақ көз жасынды балаларға көрсетпе!

Әзілхан Нұршайықов "Мәңгілік махаббат жыры"

@kitapuzindisi
945 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 21:08:58 Қараймын кейін:
Орысқа шейін
Хан бағыпты қазақты.
Баға алмай жөндеп,
Басқаға кен деп,
Артқан жұртқа азапты.
Бас адамдар халықты
Сатып, сыйлар алыпты.
Келген соң бері,
Кейінгілері
Болды құмар шекпенге -
Өгіздей өрге,
Өткелсіз жерге
Күнде айдап жеккенге.
Бір күн тойса есектер,
Ми жоқ алдын есептер.
Салынып дауға,
Сатылып жауға,
Болыстықты алысты.
Қазық боп жұртқа,
Қорған боп сыртқа,
Кім ойлады намысты?!
Мақтады ұлық, болды мәз,
Қауым үшін қайғы аз.
Оқытты жасын,
Өстіртіп шашын,
Мал табуға салынды.
Қаламнан, хаттан,
Жауаптан айтқан
Білді жалғыз алымды.

Ахмет Байтұрсынұлы. Жиған-терген.
504 views18:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 17:55:25 ҚАЗАҚСТАНЫМ

Қазекем көзге жәй көрінгенімен, сөзге бай. Бір сөзді жерге түсірмей қағып алып, қақпақылға салып құбылтып, құлпыртып ала жөнелгенде тақымына көкпар басқан шандоз шабандоздай алты қырдан ары асып бір-ақ тоқтайды. Қадыр аға бірде маған: “Сұлуды сипаттаудың отыздан аса баламасын таптым, мықты болсаң, соны сен қырықтан асырып, елуге жеткізші?” деп еді. Комбайнның соңынан масақ түгілі кәшек қалушы ма еді?! Ағамыз түк қалдырмай түгелімен сыпырып-сиырып кеткен екен.

Жуырда бір қарындасымыз (асаба) қалың жұрттың қаперіне осындай көп баламалы сөздің бірін аукционға салды. Әркім білгенін, назарға ілгенін айтып жатыр жаным, күнім, айым, жұлдызым, айнам, әппағым, қошақаным, ботам, қозым, балапаным, құлыным, құлыншағым, қуыршағым, қарғам, қарлығашым, қарағым, арманым, ардағым, сүйіктім, сүйкімдім, сүйінішім, сүйенішім, қараторғайым, аққуым, ботагөзім, күлімкөзім, бозторғайым, қарғашым, жүрегім, тілегім, шырағым, алтыным, жарқыным, мөлдірім, шырайлым, құндызым, қызғалдағым, сарғалдағым, қырмызым, бәйтерегім, талшыбығым, бақытым, қуанышым, махаббатым, ғашығым, асылым, сырғалым... деген сияқты.

Қаншама көп болғанымен сөз де тақ-тұқ таусылады білем, жұрт тағы не бар дегендей бір-біріне қарайлап үнсіз қалды. Иә, бәрі айтылған сияқты — Ай да, Күн де, жұлдыздар да... Асаба “болды, бітті” деп жүлдегерлерді анықтауға кірісе бергенде, ортаға төрт-бес жастағы Мирас жүгіріп шыға келді де: “Қазақстаным!” деп қасқайып тұрып айтты да тастады!

Жұрттың көзі жыпылық қақты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін томардай-томардай ересектер емес, тобықтай бала ғана айтты! Айтып қана қойған жоқ, әрі қарай әуендетіп-әндетіп ала жөнелді.
...Кейде біздің Ай мен Күнді ауыздан тастамай жүріп жұлдызды, ошаққа от жағып жүріп Отанды естен шығарып алатынымыз бар. “Бала тілі — бал” дейсіз бе, жоқ, “Болар бала...” дейсіз бе, ендігісін өзіңіз пайымдай беріңіз...

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

@kitapuzindisi
829 views14:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 17:50:22 Не болса соны еркін ойлауға бәріміздің де қақымыз бар. Бірақ ойымызға не келсе, соны айта салуға, істей салуға қақымыз жоқ. Өйткені біз қасымыздағымен санасатынымыз үшін саналымыз.

Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі-зайыптылар"

@kitapuzindisi
771 views14:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 15:40:23 Менің анық білетінім: арақ ішпеген — азбайды, темекі тартпаған тозбайды. Әсіресе, жастар бұл екі пәледен аулақ болулары керек!

Әзілхан Нұршайықов "Мәңгілік махаббат жыры"

@kitapuzindisi
1.0K views12:40
Ашу / Түсініктеме