Get Mystery Box with random crypto!

Қырғыздар жасы егде тартқан Бердіқожа мен бір жас қазақ батыры | Кітап үзіндісі

Қырғыздар жасы егде тартқан Бердіқожа мен бір жас қазақ батырын қосақтап ұстайды. Қазақ десе қан қысымы көтерілген Есенқұл: «Біреуіңді кескілеп өлтіреміз, біреуіңе кешірім жасаймыз. Қазақты қалай жазаға кескенімізді бостандық алғаның – ел-жұртыңа айтып барасың. Қайсың қалып, қайсың бостан боласыңдар, өздерің шешіңдер», – дейді. Мақұл-ақ.

– Әлгі кесімді сөзді естіген Бердіқожа былай дейді: «Жасым егде тартты, әрі жаудың бүйрегінде маған деген қатып қалған кегі жатыр. Келешекте ел-жұртқа пана болар жас батыр қажет. Жаудың кешірімі – жүректің сөзі емес, еріннің емеуріні, шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін. Еріннің кешірімі – саған болсын, елімнің кешірімі – маған бұйырсын, сен құтыл», – депті. Сөйтіп жас батырды құтқарып жібереді.

Өзін жау өлтірерін білген соң, жолдасына айтқан екен: – Жау жерінде қалдым ғой, менің сүйегімді алып кете алмассыңдар, бір бармағымды кесіп алып, маңайлас жерлеріңе көм де, соған там салып, Бердіқожа тамы атандырыңдар. Мені есіне алғандар дұға қылып өтер.

Дүкенбай Досжан "Кешірім"

@kitapuzindisi