Get Mystery Box with random crypto!

Инсайттар

Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар И
Telegram арнасының логотипі janaarna — Инсайттар
Арна мекенжайы: @janaarna
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы соңғы ақпараттар топтамасы.
Қысқа да нұсқа жазамыз.
Арнамыздан алыстамаңыздар!
Бөлісер жаңалығыңыз болса, бізге хабарласыңыз: @Laurita_abenova

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 7

2022-07-12 09:40:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

"Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды", — делінген хабарламада.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина төрткүл дүние көз тіккен "Уимблдон" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл — қазақ теннисінің тарихындағы тұңғыш айтулы жеңіс.

@janaarna
4 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 15:15:15
Балалар құқықтарын қорғау комитетінің телеграм-ботына 500-ден астам өтініш түсті.

Bala Qorgau телеграм-ботына келген сұрақтардың басым бөлігі отбасындағы жанжалдарға, балалар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынасқа, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларға, буллинг және жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты болды.

"Түскен өтініштер бойынша ата-аналар мен балаларға құқықтық және психологиялық көмек жетіспейтінін байқауға болады. Әр өтініш 24/7 форматында шұғыл түрде қаралады. Телеграм-чат балалардың құқықтарын бұзу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қатыгездік көрсету жағдайларын жылдам анықтауға және шешуге көмектеседі", — деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Оның айтуынша, балаларға психологиялық қолдау қажет. Ата-аналар балаларына көңіл бөліп, әңгімелесіп, олармен жақын болуы қажет. Осылайша қайғылы жағдайларды болдырмауға болады.

@janaarna
1 view12:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 14:11:00
Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты.

Федерация вице-президенті Юрий Польскийдің айтуынша, федерация теннисшіні қаржылай қолдағысы келген. Алайда, ол бұдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін жеткізді.

"Федерацияға қазірдің өзінде өз балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашпақ", — деді ол.

@janaarna
3 views11:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 07:27:01
РФ Президенті Владимир Путин қазақстандық композитор Еркеш Шакеевтің ТМД аумағы мен Ресей Федерациясында орындалған әндері үшін авторлық төлемдер алу құқығынан айырды. Бұл туралы сазгер Вадим Борейкоға берген сұхбатында айтқан.

"Менің оншақты әнім Ресей мен ТМД аумағында ротацияда. Бұрын Ресейде авторлық құқыққа қатысты жағдай көңіл көншітпейтін еді. Бірақ, соңғы жылдары осы саланың жұмысын жақсы білетін адамдар келіп, гонорар төлене бастаған болатын. Оған енді үйрене бастағанда, тағы да төлемдер төленбей қалды", — дейді Еркеш Шакеев.

РФ Президенті Владимир Путин 27 мамыр күні Жарлыққа қол қойып, Ресейге қарсы санкцияларды, батыстың осы елге қатысты "достаc емес ниетін" қолдайтын, ашық түрде Ресейдің заңды және жеке тұлғаларының ар-намысына тиген адамдарды авторлық төлемдерден айырған.

@janaarna
1 view04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 07:20:18
Петропавлда техногендік төтенше жағдай жарияланады. ТЖ жариялаудың мақсаты – Петропавл 2-ші ЖЭО болған апат салдарын жою.

Бұл туралы әкімдік таратқан хабарламадан белгілі болды. Қалалық әкімдік өкілдері шешім 4 шілде күні қабылданғанын жеткізді.

Биыл 20 наурыз күні жылу орталығының алып мұржаларының бірі опырылып құлады. Үйіндінің астында қалған жұмысшы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, орталық директоры мен бас инженері қамауға алынды. Тергеу амалдары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Құлаған мұржаның үйінділері 1300 шаршы метрге дейін шашылған еді. Оны алып тастау жұмыстары жүргізілуде.

Петропавл жылу орталығының мұржалары 9 жылдан бері тексерілмеген. Талапқа сай мұндай қондырғылардың жағдайы әр 5 жыл сайын сараптамадан өтуі тиіс. Соның салдарынан кәсіпорында өткен жылыту маусымында бірнеше рет апат болды. Қондырғылардың 60 пайызы тозған. 18 млрд теңгеге кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

@janaarna
1 view04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 14:55:01
Алматы халықаралық әуежайында техникалық қонуы бар рейстерге жанармай құю тоқтатылды.

Әуе айлағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шектеулер авиациялық отынның жетіспеушілігіне байланысты.

"Жергілікті де, импорттық та жанармайдың жетіспеуіне, сондай-ақ уақытылы жеткізілімдегі мәселелерге байланысты жолаушылар мен коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы жағдай жақсарғанға дейін техникалық қонуы бар рейстерге жанармай құюды тоқтатты", — делінген хабарламада.

Осыған дейін 2021 жылдың қазан айында Алматы әуежайында чартерлік рейстерде ұшақтарға жанармай құю тоқтатылған болатын.

@janaarna
1 view11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 09:59:00
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты. Ол Қазақстанның атынан жекелей сында финалға дейін жеткен алғашқы теннисші атанды.

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасы румын Симона Халеппен кездесті.
Бірінші сетті қазақстандық спортшы 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады, ал екінші сетті 6:3 есебімен жеңіп нәтижесінде финалға шықты.

Енді Уимблдон турнирінің финалында Елена әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Тунистік теннисші осыған дейін жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.

@janaarna
3 viewsedited  06:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 15:10:22
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Үкіметке қазақстандық порттарды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыра отырып, трансформациялау жөнінде стратегиялық міндет жүктеді. Теңіз флотын нығайтып, Ақтау портында контейнерлік хаб құру қажеттілігін ерекше атап өтті.

"Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. "ҚазМұнайГазға" оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет "Самұрық-Қазынамен" бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет", – деді ол.

Президенттің айтуынша, ең алдымен, құрылысы басталған магистральды бағыттардағы қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет.

@janaarna
3 viewsedited  12:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 11:43:01
Талдықорған қалалық сотында Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Азамат Батырбаевқа қатысты үкім шықты.

Сот шешімімен ол шартты түрде 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Осы мерзімде сотталушыға пробациялық бақылау жасалады.

38 жастағы Азамат Батырбаев қаңтарда Талдықорғанда болған тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол Назарбаев ескерткішін бұзу кезінде жүк көлігін жүргізген екен. Қамауда болған кезде оны қинап, соққыға жығып, қызған үтікпен күйдірді деген ақпарат тарады. Антикоррупция қызметі азаптау ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

@janaarna
1 view08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 08:00:49
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Башқұртстан Республикасының Көлік және жол шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін талқылады.

Ресейлік «Азимут» әуе компаниясы осы жылдың 8 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен жұма күндері тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ұшулар RRJ-95 типті ұшақтарда орындалады.

Билеттерді Azimuth Airlines ресми сайтынан алуға болады.

@janaarna
2 views05:00
Ашу / Түсініктеме